Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптар.
Инвесторды тарту үшін бизнес-жоспардың өзінің спецификасы болады. Бұл жағдайда негізгі міндеттері ұсынылып отырған инвестициялық жобаға салым салудың табыстылығына инвесторды көндіру болып табылады.
Инвесторға ұсынылатын бизнес-жоспар үлкен емес көлемді иемденеді, бұл 8-10 бет және ол инвестициялық жобаның қысқа резюмесі сипатында болады. Оның ішінде тек қана жүргізілген нәтижелері, жобаның мәні мен мақсаттары, қолда бар және қажетті ресурстар, оны өткізуден болжанатын нәтижелер, негізгі көрсеткіштер мен қысқа түйіндер болу керек.
Бизнес-жоспардың осындай резюмесінің негізгі міндеті инвесторды қызықтыру мен оны жобамен толық танысуға мәжбүрлеу болып табылады, ұсыныстар көп болу салдарынан бірінші көзқарас шешуші болуы мүмкін.
Егер инвесторды ұсынылған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары қызықтырса, онда ол толығырақ мәлімет алғысы келеді. Толық бизнес-жоспар үлкен көлемді иемденіп, жобаның барлық жақтарын суреттейді. Инвесторды ұсыныстың салмақтылығына көндіру үшін жобаны ұсынатын тұлғалар, бірінші кезекте басқарушы, ұсынылатын инвестициялық жобаның барлық негізгі сәттері туралы ақпаратқа толық иемделгенін көрсету керек.
Инвесторды инвестициядан қайтарымдылығынан басқа жобаға қатысқан кездегі тәуекел мен оны оптимизациялаудың мүмкін нұсқалары, сонымен қатар кәсіпорындағы жағдай мен оның басқармасының әрекеттерін бақылау мүмкіндіктері қызықтыратын болады. Сонымен бірге жақтардың жобада қатысуының барлық мүмкін нұсқаларын алдын ала жақсы ойластырып және келіссөздер жүргізу стратегиясымен анықталуы керек. Бизнес-жоспарды құруды жоғары кәсіби мамандар орындау керек. Құжаттағы әрбір сан кез келген нақты жоба үшін жүргізілген зерттеулермен дәлелденуі керек, ақпарат қазіргі заманға сай маркетинг тұжырымдамалар мен инвестициялық талдауға сәйкес өнделуі керек.
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына қойылатын негізгі талаптардың бірі болып оның түсініктілігі табылады, ол күрделі кәсіби терминологиясыз жай сөздермен жазылуы керек, оның ішінде декоративті элемент мен басқа да безендірулер болмау керек.
Бизнес-жоспардың көлемі – бір жағынан 20-30 бет мәтін, бірақ кей кезде оның мазмұнына ерекше талаптар қойылып, көлемі 50 бетке дейін жетуі мүмкін.
Бизнес-жоспарда тек қана негізгі ақпарат болуы керек, бірақ кез келген қосымша ақпарат оның ары қарай қаралу мүмкіндігі үшін даярлануы керек.
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары қол жетерлік көздерден алынған нақты ақпарат негізінде құрылуы керек, онда құжаттарға, зерттеу нәтижелеріне, ақпарат көздеріне, эксперттердің қорытындылары мен есеп берулеріне сілтеулер болу керек.
Бизнес-жоспарға көрнектілік беретін графиктер мен диаграммалар түріндегі қосымшалардың болғаны дұрыс, оларды көптеген инвесторлар мен банкирлер өте жақсы көреді, өйткені бұл оларға істің ыңғайын білудің негізділік, зерттеу сапасы мен жобаның қауіптілік көрсеткіштері болып табылады. Бұл міндетті талап болып табылмайды, бірақ жобадан жалпы жағымды әсер тудырады.
Бизнес-жоспарда есептеулер мен эксперттік бағалауға негізделмеген күмәнді немесе анықталмаған қорытындылар мен қателіктерді жасауға болмайды (мысалы: «Алғашқы екі жылда фирма саланың лидерлеріне шығады...» немесе «Болашақ біздің технологиямыздың арқасында...»). Кез келген ұқсас айтып салу аналитикалық және есептік мәліметтермен мұқият негізделуі керек, ол өзімен алғашқыда көрсетілген материалдан логикаға сәйкес қорытындыны көрсету керек.
Инвестициялық жобада қатысудан болатын тәуекелдер туралы айқын ақпарат келтірілуі керек, ол бойынша бейтарап талдау жасалынып, оны болдырмау немесе минимизациялаудың мүмкін нұсқалары қарастырылуы керек.
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындаудағы project expert жүйесі.
Бұл жүйе бизнесті дамытуды жоспарлаудың, әртүрлі саладағы кәсіпорындардың инвестициялық жобаның тиімділігі мен тәуекелдерін талдаудың міндеттерін ауыспалы экономикалық ортаны есепке ала, олардың қызмет етуінің қаржылық моделін құру негізінде шешуге мүмкіндік береді. Project Expert кәсіпорын әрекетінің диверсификациясының тиімділігі мен жаңа құрал-жабдықтың өтімділігін бағалауға мүмкіндік бере тұра, кез келген күрделіліктегі кәсіпорынды дамыту жобаларын құруды қамтамасыз етеді. Бұл жүйе жобалардың альтернативті нұсқаларын қарастыруға, олардың беріктік қорларын бағалауға және оларды өткізудегі коммерциялық тәуекелдерді минимизациялауға, сонымен қатар жоспарлы және ақша ағымдарын салыстыру жолымен жобалардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.
Project Expert-ті холдингте қолдану жағдайында жүйе оның әртүрлі жобалары арасындағы қаражаттардың қозғалысын басқаруға және жоба топтары үшін жалпы тиімділік көрсеткіштерін болжауға мүмкіндік береді. Project Expert-те құрылған инвестициялық жоспары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді: жүйе негізіне инвестициялық жобаларды бағалаудың UNIDO әдістемесі салынған, ал есептеулердің нәтижелері IAS стандарттармен ұсынылған түрде көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |