Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының типтік құрылымы, оның негізгі бөлімдері.
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының құрылымы заңнамамен белгіленбеген, сондықтан кез келген фирма бизнес сипатына, бизнес-жоспарды құрудың негізгі мақсаттарына және оған қойылатын талаптарға байланысты болатын бизнес-жоспардың жеке құрылымын дайындайды. Осылай, мысалы өндірістік кәсіпорынның бизнес-жоспары сауда құрылымының немесе қызмет көрсету сферасындағы кәсіпорынның бизнес-жоспарынан өзгеше болады.
Кәсіпорынның масштабтағы айырмашылығы ақпарат көлемі мен оны детализациялау деңгейі бөлігінде бизнес-жоспарға қойылатын талаптарға елеулі ықпал жасайды, бірақта бизнес-жоспардың құрылымы оған байланысты емес. Бизнес-жоспардың құрылымы немесе оның негізгі бөлімдері бизнес-жоспарды ұсынудың екі нұсқасында да бірдей – қықаша резюмеде немесе толық және жан-жақты нұсқасында. Олардың арасындағы айырмашылық тек қана ақпарат көлемінде – резюме толық нұсқаға қарағанда тек негізгі ақпарат пен қорытындыларды көрсетеді. Бизнес-жоспардың құрылымы оның жазылу мақсатына, ол не үшін арналғанына – несиені алуға, инвесторды тартуға, инвестициялық жобаны алдын ала бағалауға, ішкіфирмалық жоспарлауға байланысты.
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының типтік құрылымы, негізгі бөлімдер:
1. Титульдік бет – онда компанияның атауы, оның заңды және жеке адрестері, телефондары, e-mail мен сайт адресі (егер бар болса), компанияның иелерінің толық реквизиттері мен атауы, жобаның атауы және өте қысқаша түрде (бір сөйлеммен) жобаның мәні, жобаны орындаушылары туралы ақпарат және оны құру күні болады.
2. Жобаның резюмесі - өзімен жобаның негізгі ережелерін, мәнін көрсетеді. Резюменің мақсаты – инвесторды қызықтыру және оны бизнес-жоспардың мазмұнымен толық таныстыруға мәжбүрлеу. Резюменің көлемі мәтіннің 2-3 бетін құрайды, ол терминологияны қолданбаған жай сөздермен және жай сөйлемдермен құрастырылуы керек. Ол инвесторға ұсынылатын инвестициялық жобаға салымдардың тиімділігі мен перспективалылығын көрсету керек.
3. Компанияның сипаты – онда берілген инвестициялық жобаны ұсынатын компания туралы, оның толық реквизиттерін, компанияны құрушылары мен олардың реквизиттері туралы, компанияның мақсаттары, компанияның тарихы, жетістіктері, ұйымдық құрылымы, негізгі өнімдері, және компанияның нарықтағы орны туралы ақпарат болады.
4. Өнімнің немесе қызметтің сипаты - өнім немесе қызмет, оның негізгі сипаттамалары, негізгі тұтынушылары, тауардың тұтынушылық қасиеттері туралы ақпаратты және патенттер мен лицензиялар туралы ақпаратты қосады.
5. Маркетингтік талдау – нарықта бар тауарлар туралы, бәсекелестердің өнімдері, бәсекелестердің тауарларының және ұсынылатын өнімнің тұтынушылық сапасы мен сипаттамаларын салыстыру.
Маркетингтік талдау – бизнес-жоспарды жазудағы ең алғашқы және маңызды кезең. Маркетингтік талдаудағы маңызды бөлім болып өнімді өткізу нарығының көлемін, бәсекелестер нарығының үлесін анықтау, сатып алу туралы шешім қабылдаудағы сатып алушылардың мотивациясын анықтау.
Бұл бөлімнің негізгі міндеті – нарық қанша және қандай тауарды талап етеді, оны тұтынушылар қандай бағада және неге сол тауарды сатып алуға дайын деген сұрақтарға жауап беру болып табылады. Бұл бөлімде сонымен бірге саланың даму тенденциясы мен жағдайын талдау, орташа табыстылық пен саланың кәсіпорындарының өндіріс көлемі, бәсекелестіктің даму дәрежесі мен оған шығуға кедергілер көрсетілуі керек.
6. Тауарды жылжыту стратегиясы – мұнда негізгі болып нарықтық бастауын анықтау табылады, не болмаса қандай тауар және тұтынушылардың қандай категориясына арналғанын, тұтынушылардың сандық және сапалық талдауы, олар қайда орналасқанын, тауарды немесе қызметті қандай әдістермен және өткізу каналдарымен өткізу ұсынылатынын анықтау. Өнімді немесе қызметті жарнамалау стратегиясы, маркетингке шығындар, бағақұрушылық, сатып алушылармен жұмыс кезінде саясат туралы ақпарат келтіріледі.
7. Өндіріс – егер бұл өндірістік кәсіпорын болған жағдайда, бұл бөлім өзіне таңдап алынған өндіріс технологиясы, оны таңдаудың мотивациясы, кәсіпорынның негізгі технологиялық процесстердің сипаты, оның жұмысының схемасы, құрал-жабдықтың орналастыруы туралы ақпаратты қосады. Егер қайта құру немесе құрылыс ұйғарылса, онда техникалық шешімдердің сипаты мен қайта құру немесе құрылысқа шығындар есебі келтіріледі. Бөлімде өнімді өндіруге кететін материалдар мен шығындарға қажеттіліктерін есептеу, оларды сатып алуға шығындар, жабдықтаушыларды талдау, қызмет көрсетуге және құрал-жабдықты жоспарлы жөндеуге шығындар келтіріледі. Егер өндірістің өзгешелігі талап еткен жағдайда лицензиялар мен басқа да рұқсат қағаздарды алуға қажеттілік туралы ақпарат келтіріледі.
Егер бұл сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорын болған жағдайда, бөлім өзіне жабдықтаушылар, оларды бағалау мен таңдау, нақты тауарлар мен олардың топтарына қажеттілік, сатып алу әдістері, складтық және сауда бөлмелеріне қажеттілік, олардың географиялық орналасуы, сонымен бірге әрбір тауар бойынша және әр сауда нүктесінде ұсынылатын тауарға сұраныстың болуы туралы ақпараттың елеулі үлкен көлемін қосу керек. Жабдықтаушылар бойынша сонымен қатар олардың орналасуы туралы ақпарат келтіріледі, олардың қысқаша сипаттамасы беріледі және реквизиттер келтіріледі. Егер бұл құрылыс немесе қызмет көрсету кәсіпорыны болған жағдайда, сонымен бірге мердігерлер туралы ақпарат көрсетіледі, олардың сипаттамасы мен реквизиттері беріледі.
8. Қызметшілер бойынша жоспар – бұл бөлімде қызметшілерге қажеттілік, олардың саны мен квалификациясы туралы ақпарат, жұмыскерлердің әрбір позициясы бойынша нарықты талдау келтіріледі, қызметшілерге еңбекті төлеуге шығындар есебі, оның әлеуметтік қамтамасыз етілуі, ынталандыру әдістері мен оқыту келтіріледі.
9. Ұйымдық құрылым мен басқару – онда кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымының схемасы, кәсіпорынның бөлімшелерінің сандық және сапалық құрамы туралы ақпарат, оның квалификациясына талаптар, еңбекті төлеуге шығындар есебі, әлеуметтік қамтамасыз ету мен басқарушы қызметшілердің еңбегін ынталандыру болады. Кәсіпорынды қайта құру немесе жаңадан құру жағдайында кәсіпорынның жекеменшік формасы, оның негізгі немесе ұйғарылған акционерлері, олардың реквизиттері, кәсіпорынның капиталындағы үлесі туралы ақпарат, шешімді қабылдау мен басқару принциптері беріледі.
10. Қаржылық жоспар – тәжірибелік көзқарастан, бизнес-жоспардың ең қызықты бөлігі, ол инвестициялық жобаны өткізу үшін қанша қаржылық ресурстар және қандай уақыт мерзімінде қажет болатынын, сонымен қатар берілген мәліметтер мен маркетингтік талдаудың қорытындысының дұрыстығы кезінде жобадан қайтарымды көрсетеді.
Қаржылық жоспарда кәсіпорынның барлық ақша ағымдары - шығындар, өткізуден түскен түсім, салықтар мен табыс келтіріледі немесе есептелінеді.
11. Жобаның тәуекелдерін талдау – бұл бөлімде жобаның мүмкін болатын тәуекелдерінің сипаты беріледі, сонымен бірге оларды минимизациялау бойынша стратегия келтіріледі.
12. Бизнес-жоспарға қосымшалар – бұл құжаттар, солар бойынша бизнес-жоспар құрылған:
маркетингтік зерттеулердің мәліметтері;
өнімдердің өзгешеліктері мен толық сипатталуы;
бәсекелестер мен олардың өнімдерінің толық сипаттамасы;
жарнамалық материалдардың, прайс-беттердің, каталогтардың көшірмесі;
сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден хаттар;
контракттер;
жоба мен кәсіпорын бөлімшелерінің басшыларының резюмесі;
эксперттердің қорытындылары мен басқа да құжаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |