Инвестициялық жобаның бизнес–жоспарының негізгі функциялары мен міндеттері.
Нарықтық экономиканың даму шарасы бойынша, өтпеліден нарықтық экономикаға статусының өзгеруімен бизнес-жоспарды құраудағы қажеттілік көбеюде. Мақсаттарға байланысты бұл қажеттілік шаруашылық әрекеттің әртүрлі өрістерінде қаржылық пен шаруашылық сұрақтарды шешу кезінде пайда болады.
Кәсіпорын бизнес-жоспарды құру көмегімен шеше алатын негізгі міндеттерге мыналар жатады:
Өнімді өткізу нарығының даму перспективалары мен көлемін анықтау;
Өнімді немесе қызметті өндіру мен өткізу бойынша, өндірісті дамыту бойынша мүмкін болатын шығындарды бағалау;
Табысты болжау үшін өнімге немесе қызметке мүмкін бағалары мен шығындарын салыстыру;
Қаржылық-шаруашылық әрекетті жоспарлау кезінде санадағы қателіктерді тауып алу;
Берілген өндірістің қалыптасқан экономикалық жағдайда дамуының мақсатқа лайықтылығын анықтау;
Тәуекелдерді бағалау.
Осымен байланысты, бизнес-жоспарды ағымдағы және болашақтағы кезеңде қаржылық-шаруашылық міндеттерді шешудің негізгі тәсілдерін анықтайтын, өндірістік пен коммерциялық әрекетті жоспарлаудың барлық негізгі аспектілерін көрсететін ішкі фирмалық жоспарлау құжаты деп айтуға болады.
Бұл басшылық емес, ал үлгі ғана бола алатын типтік құжат та, формалды есеп те емес. Бірақ бұл түсініктемелерсіз, түрлі зерттеулерсіз бірнеше кестелерде орындалған есептеулер ғана емес. Бизнес-жоспар бұл нақты орын және онымен байланысты инфрақұрылым үшін нақты инвесторға жасалынатын құжат.
Несиелендіру, инвестицияларды тарту немесе түрлі жобаларды қаржыландыру кезінде бизнес-жоспар негізделген оптималды шешім қабылдауға мүмкіндік беретін құжат ретінде қажет.
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау.
Кәсіпкерлік әрекеттің кез келген түрі мен ойластырылған жобаның бизнес-жоспарының кейінгі дайындалуы жаңа ойдан басталады. Жақсы ойсыз бизнес мүмкін емес. Бірақ бір ғана ой бизнесті бастау үшін жеткіліксіз. Бұл проблемамен бизнесін бастап келе жатқан кәсіпкерлер де, ірі компаниялар да қақтығысады.
Кез келген жағдайда ойды іске асыру үшін қанша қаражатты инвестициялауын, қарыз қаражаттарын тартуын керек болатынын есептеу қажет, сұраныс пен шығындарды бағалау, инвестициялық шараларды жоспарлау қажет, соңғы нәтижесінде осы инвестициялық жоба табыс әкеле ме, жоқ па екенін түсіну керек.
Жақсы жобаны иемдене тұра оны бизнес-жоспар немесе техникалық-экономикалық негіздеу түрінде хаттау қажет.
Кәсіпкерлердің көбі, әсіресе, бизнесін жаңадан бастап келе жатқандар бизнес-жоспарлаудың ролін толық бағаламауға бейімді. Олар өздерінің сезімталдығы мен тәжірибесіне, іскерлік ортада қалыптасқан байланыстарға сүйенеді. Бұл жағдайда, жобаның жақсы болып көрінетін нарықтық перспективалары мамандардың зерттеулеріне ұшырағаннан кейін бизнес-жоспарлауда соншама шаттықты болып көрінбейді. Кәсіби мамандардың тілімен айтқанда, жоба белгілі бір тәуекелдерге сезімтал болып шығуы мүмкін.
Дұрыс құралған бизнес-жоспар келесі негізгі сұрақтарға дәлелді жауаптар беру керек:
Не істеу керек?
Кім үшін істеу керек?
Қалай істеу керек?
Қанша істеу керек?
Өнімнің минималды көлемі қандай (залалсыздық нүктесі) ?
Қандай ресурстарды және қаншасын тарту қажет, соның ішінде ақшалай ресурстарды?
Өтімділік қашан болады (жобаның өтімділік мерзімі)?
Жобаның рентабельділігі қандай (жобаның табыстылығының ішкі нормасы да бар)?
Мерзім соңында жобаның таза ағымдағы құны қанша, соның ішінде активті қайта сату есебімен және т.б
Кәсіби құралған бизнес-жоспар потенциалды инвесторы мен жобаны ойлап табушының өзіне, жобаның тиімділігін дұрыс бағалауға оның «әлсіз орындарын» тауып алып жоюға көмектеседі.
Дайын бизнес-жоспар – бұл ішінде инвестициялық жоба ойының, оны жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін кедергілердің, оны өткізудің этаптарының, жобамен байланысты барлық ақша ағымдарының түгел суреттелуі және соңғы нәтижесінде инвестициялық жобаның тиімділігін бағалауы келтірілетін құжат.
Инвестициялық жобалаудың мәні инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындауда құралады. Бизнес-жоспар қарыздық қаржыландыруды тарту үшін негізгі құжаттардың бірі де болып табылады. Осылайша, мысалы, жобалық қаржыландыруды жүзеге асыратын банктер бизнес-жоспарды дұрыс хатталған құқық беретін құжаттармен, жобалық құжаттамамен, жоба бойынша нәтижелі-рұқсат беруші құжаттаманың толық пакетімен, техникалық шарттармен, құрылысқа рұқсатымен, экспертизаның оң қорытындысымен бірге ұсынуды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |