Қорытынды: Жылу баланс теңдеуін шешу арқылы мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.
№3 жұмыс.
Электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу.
Ж ұмыстың мақсаты: ток күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрену.
Құрал – жабдықтар: ток көзі, амперметр,
вольтметр, қыздыру шамы, 2 сым резистор,
кілт, өткізгіш сымдар.
Жұмыс барысы:
Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын
қараңдар, бір бөліктің құнын анықтаңдар. Бөлік құны - 0,05 А, 0,2 В.
191, 192, 139-суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар. Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетулерін кестеге жазыңдар.
3. Қорытынды. Әр жағдайда амперметрдің көрсетулері бірдей. 0,2 А болды.
Ток көзін, резисторды, қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып. электр тізбегін жинаңдар.
Тізбекті тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U₁, U₂ және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер. U₁=3,4 В, U₂ =0,6 В
Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
U₁ + U₂ қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар. U= U₁ + U₂=4В.
Қорытынды: Әр резистордағы кернеу қосындысы ток көзінің кернеуіне тең болады.
№4 жұмыс.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру.
Құрал – жабдықтар: ток көзі, өткізгіш сым-
дар, қыздыру шамы, амперметр, вольтметр, кілт,
реостат.
Жұмыс барысы: Амперметр мен вольтметр
шкалаларын қараңдар және бір бөліктің құнын
есептеңдер. Бөлік құны 0,05 А 0,2 В
1.Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар (194–сур.)
2.Тізбекті тұйықтаңдар.
3.Тізбектегі кернеу мен ток күшін біртіндеп ұлғайтамыз.
Құралды көрсетулерін кестеге жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |