2 – тапсырма. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыс-тырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру.
Құрал–жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшаларсыз), әрқайсысының массасы 100г болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.
Жұмыстың барысы:
Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе – теңдік қалпына келтіріңдер.
Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының теп – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.
Қорытынды. Тепе-теңдігі бұзылады. Себебі, денелердің көлемдері әртүрлі. Көлемі үлкен денеге әсер ететін Архимед күші көп. Таразы табақшасы көтеріледі.
3 – тапсырма. Fы ығыстырушы күштің Pс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру.
Құрал – жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшаларсыз), массалары мен көлемдері бірдей екі жүк , суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар.
Жұмыстың барысы:
Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе – теңдік қалпына келтіріңдер.
Егер бір жүкті суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырсақ, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер.
Тәжірибеде жауаптарыңды тексеріңдер.
Қорытынды: Таразының тепе-теңдігі бұзылады. Қай сұйықтың тығыздығы көп, ығыстырушы күші көп болады.
№6 жұмыс.
Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.
Тапсырма. Денелерді суға батырған кезде олардың суда жүзетінін, батып кететінін немесе қалқып шығатынын анықтау.
Құрал–жабдықтар: Динамометр, суы бар ыдыс, мензурка, ішіне салынған құмдарының массалары әр түрлі бірдей үш пробирка немесе құты тығыздығы белгілі сұйығы бар ыдыс (тұз қосылған су).
Жұмыстың барысы:
Динамометр көмегімен денеге әрекет ететін Fа ауырлық күшін өлшеңдер.
Мензурканы пайдаланып, дененің Vg көлемін анықтаңдар.
Денені сұйыққа батырған кезде оған әрекет ететін ығыстырушы күшті есептеңдер Fы = Pс g Vg.
Fа ауырлық күші мен Fы ығыстырушы күшті салыстыру арқылы тапсырмада қойылған сұраққа жауап беріңдер.
Денені берілген сұйыққа батырып, жауаптарыңды тәжірибе жүзінде тексеріңдер.
Кестені толтырыңдар.
Тәжірибе реті
|
Сұйық
|
Fа , Н
|
Vg, м3
|
Fы, Н
|
Fа мен Fы қатысы
|
Батады, жүзеді немесе қалқып шығады.
|
1
2
3
|
Су
Тұзды су
Тұзды су
|
1,5
1
0,95
|
13*10-6
9*10-5
1,2*10-4
|
1,5
0,93
1,3
|
FA =Fы
FA Fы
FA Fы
|
Жүзеді
Батады
Қалқиды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |