1 -тапсырма. Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу.
Құрал – жабдықтар: динамометр, бір
тілім қағаз, әрқайсысының массасы 102г
болатын жүктер жиыны, қысқышы, сақинасы
және жалғастырғышы (муфтасы) бар штатив.
Жұмыстың барысы:
Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.
Динамометрге массалары102г, 204г, 306г және т.б. жүктерді іле отырып, 1Н, 2Н, 3Н, т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгілеңдер.
Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен осы шкалада нъютонның оннан бір үлестерін белгілеңдер. Көршілес сызықшалар арасын өлшеп олар тең екенін білу. Себебі ілінген жүктің массалары бірдей.
Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар.
Өлшеу дәлдігін бағалаңдар. Сызғыштың бөлік құны-0,1мм. Аспап қателігі-0,05.
Қорытынды. Динамометрге жүктер ілу арқылы серіппенің созылуын белгілеп, ақ қағазға шкала салады. Жасалған динамометр арқылы жүктерді өлшейді. Градуирлеу тәсілін меңгереді.
2 – тапсырма: Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші мен оның арасындағы байланысты анықтау.
Қ ұрал – жабдықтар: Қысқышы, сақинасы және жалғас-
тырғышы бар штатив. Ұзындықтары 15 – 20 см болатын
бірдей екі резеңке жіп, ұзындығы 35 – 40 см болатын
бір тілім ақ қатырма қағаз (картон), жүктер жиынтығы,
сымнан жасалған ілгек, сызғыш, мектеп динамометрі.
Жұмыстың барысы:
Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қағазбен бірге штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштары бір деңгейде болуынакөңіл аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгілеп қойыңдар.
Ілгектің көмегімен массалары m1= m, m2 =2m, m3=3 m жүктерді кезекпен бір жіпке іліңдер.
Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер.
Денені ілгектің көмегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар.
Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеріңдер.
Тәжірибе реті
|
Резеңкелер саны
|
Жүктің массасы, г
|
Ауырлық күші, F=mg, H
|
Жіптің ұзаруы, мм
|
Жіптің ұзаруы, м
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
|
біреу
біреу
біреу
екеу
екеу
екеу
|
100
200
300
100
200
300
|
1
2
3
1
2
3
|
50
100
150
20
30
40
|
0,05
0,1
0,15
0,02
0,03
0,04
|
Достарыңызбен бөлісу: |