4 - зертханалық жұмыс. Зарядталған бөлшектердің ізін зерттеп үйрену. Жұмыста Вильсон камерасымен алынған магнит өрісіндегі протонның ізі мен соған ұқсас зарядталған бөлшектердің ізін салыстыру керек.
Құрал – жабдықтар , қажетті өлшеулер , өлшеу әдістері.Жұмыс зарядталған бөлшектер үшін 4 – суретте берілген фотосуретпен жүргізіледі. I із протондікі , II із ұқсастыру үшін беріледі. Магнит өрісінің индукциясы фотосурет жазықтығына перпендикуляр. Екі бөлшектің бастапқы жылдамдықтары бірдей және фотосурет шеттеріне перпендикуляр. Белгісіз бөлшекті ұқсастыру оның меншікті зарядын q\ m протонның меншікті зарядымен салыстыру жолымен жүргізіледі. Оны былай орындайды: бөлшектердің ізін бастапқы бөлігіндегі радиустарын өлшеп салыстырады. Шынында магнит өрісіндегі бөлшек үшін Ньютонның екінші заңы былай жазылады: qʋB=m , осыдан = .
Осы формулалардан зарядталған бөлшектердің меншікті заряды олардың іздерінің радиустарының кері қатынасына тең екені көрініп тұр.
Бөлшек ізінің қисықтық радиусын анықтау үшін 4 – суреттегі фотосуреттің бетіне мөлдір қағазды салады да , екі хорданың орталарынан перпендикуляр жүргізеді ( 5 – сурет ). Перпендикулярдың қиылысында шеңбердің центрі жатады. Оның радиусы сызғышпен өлшенеді.
Жұмысты орындауға дайындық. Өлшеудің және есептеудің нәтижесін жазу үшін кесте дайындалады.
Фотосуреттен калькаға бөлшектердің ізі түсіріледі.
Эксперимент жүргізу , өлшеулер нәтижесін өңдеу. Калькаға көшірілген бөлшек іздерінің бастапқы бөліктеріндегі қисықтың радиустарын өлшеңдер.
Калькаға түсірілген белгісіз бөлшек пен протонның меншікті зарядтарын салыстырыңдар. Өлшеу нәтижелері бойынша қандай бөлшек екенін анықтаңдар.
Бақылау сұрақтары: Бөлшектер ізінің фотосуреттегі ізіне қатысты магнит индукциясы векторы қалай бағытталған?
Бір бөлшек ізінің әр түрлі бөліктердегі қисықтың радиусы неліктен әр түрлі ?