7 класс. №1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка)бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу



бет33/37
Дата11.09.2023
өлшемі3.72 Mb.
#477128
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
зертханалық жинақ дайын

Жұмыстың орындалуы :

  1. Екі шыны пластинаны қосып , бір – біріне саусақпен қысу керек. Шағылған жарықта қараса , пластиналардың жанасатын жерлерінде түрлі – түсті сызықтар байқалады. Бұл интерференциялық көрініс. Қабат қалыңдығына сай орналасуы өзгереді.

  2. Саңылауы бар фотопленканы вертикаль ұстап көзге тақап , вертикаль орналасқан шамның қылына қарап , оның екі жағындағы түрлі – түсті жолақтарды көреміз. Саңылау енін өзгерте отырып , спектрдің өзгерісін бақылаймыз.

Қосымша тапсырма.
1 тапсырма
«Жіңішке жіптен алынған жарық дифракциясы»
Құралдар: проекциялық аппарат, жылжымалы саңылау , жапқыш дискілер , рамкаға керілген жіп , экран.
Жұмысқа нұсқау:

  1. Экранда барлық жері бірқалыпты жарықтанған саңылаудың айқын кескіні жіпсіз алынады.

  2. Лампа қырының «қыры» саңылауға параллель орналасатындай және онымен бірге конденсордың оптикалық осінде жататындай етіп, жарық көзінің , конденсордың және саңылаудың орындарын ауыстырады.

  3. Саңылаудың алдына конденсордың оптикалық осіне рамкағак керілген жіп қойылады, мұнда жіп пен саңылаудың параллельдігі сақталу керек. Саңылауды ақырындап тарылтады да, экранда дифракциялық спектрдің жолақтары алынады. Экранды 40 – 45 0 –қа бұрғанда кескін «созылады». Орта тұсында жарық жолақ пен оның оң жақ және сол жағында кезектесіп келетін күңгірт және жарық жолақтар кескінделген.

  1. А мен А1 бағытында күңгірт жолақ

  2. В мен В1 бағытында жарық жолақ

  1. Δd = - ң жұп саны с/тан күңгірт

  2. Δd = - ң тақ саны с/тан жарық



2 тапсырма.
« Жұқа қабықшадағы жарық интерференциясы»
Құралдар: проекциялық аппарат , сабын қабықшасына арналған сым рамка , сабын ерітіндісі , экран.
Жұмысқа нұсқау:

  1. Конденсор алдында сым тұзақ қойылады. Тұзақты конденсордан шыққан жарық шоғы оны толық жабатындай қашықтыққа орналастырады. Ол үшін тұзақтың артына жарық конусын вертикаль жазықтықта қиып өтетін , кішірек табақ, ақ қағазды жақындап қояды.Оны тұзақпен бірге отырғыштың бойымен қозғай отырып, жарық дағының тиісті өлшемі алынады. Тұзақ астына сабын ерітіндісі бар стақан қойып, тұзақты ерітіндіге толық батырады да, стақанды алып кетеді. Тұзақта сабын қабықшасы пайда болады. Сабын қабықшасынан жағылған жарық шоғының жолына универсал штативтің үшаяғына қондырылған объектив қосылады. Осы шоқтың бойымен объективті қозғай отырып экранда жап – жарық интерференциялық түсті жолақтары бар сабын қабықшасының айқын кескіні шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет