8 класc
Бақылау жұмысы №1
Тақырыбы: Жылу құбылыстары
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жүйелеу,
қорытындылау.
І нұсқа
Көлемі 60 м3 бөлменің ауасын 10оС-тан 20оС-қа жылыту үшін, қанша жылу мөлшері қажет?
Температурасы 57оС, массасы 250 г сынапты буға айналдыру үшін, қанша жылу мөлшері жұмсалады?
Температурасы 20оС болатын 39л суға, температурасы 60оС болатын 20л суды араластырғанда шыққан қоспаның температурасы қандай?
4. Іштен жану двигателі -ге тең пайдалы жұмыс істеп, оған 2 кг
бензин жұмсады. Осы двигательдің ПӘК-ін есептеп шығарыңдар.
ІІ нұсқа
Массасы 1 кг бензин көлемі 2,5 л спиртпен араластырылды. Осы отын
толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай?
Температурасы 83оС, массасы 450 г мысты сұйық күйге айналдыру үшін қанша энергия керек?
1,5 кг ыстық судың (t2 = 80 оС) температурасы 37оС-қа тең болу үшін, температурасы 20оС су массасынан оған қанша құю керек?
4. Қуаты 36 кВт іштен жану двигателі 1 сағатта 14 кг керосин жұмсаған.
Двигательдің ПӘК-ін анықтаңдар.
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар денені қыздырғанда, отын жанғанда, сұйықты қыздарғанда, денені балқытқанда бөлінетін жылу мөлшері формулаларын білуі тиіс; кестеден меншікті жылу сыйымдылығы, меншікті балқу жылуы, сұйықтың меншікті булану жылуы, отынның меншікті жану жылуы мәндерін тауып пайдалана алуы тиіс.
9 класс
Бақылау жұмысы №1
Тақырыбы: Кинематика негіздері
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім,білік, дағдысын
тексеру.
І нұсқа
15 км/сағ жылдамдықпен жүрген автомобильдің тежелу жолы 1,5 м, жылдамдығы 90 км/сағ болғанда автомобильдің тежелу жолы қандай болады? Екі жағдайда да үдеуі бірдей?
Велосипед дөңгелегінің радиусы 40 см. Егер дөңгелек 100 айн/мин жасайтын болса, онда велосипедшінің жылдамдығы қандай?
Массасы 50 т ғарыш кемесі двигателінің тарту күші 105 Н. Двигательдің 6 с уақыт жұмысы кезіндегі ғарыш кемесі жылдамдығының өзгерісін тап.
Шолпанның орташа тығыздығы 5200 кг/м3, ал планетаның радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін тап.
ІІ нұсқа
43,2 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан поезд тежелу басталғаннан кейін 180 м жол жүріп барып тоқтады. Ол қандай үдеумен қозғалады және қанша уақыттан кейін тоқтайды?
Айналатын барабан қалақшаларының жүкті 0,4 м/с жылдамдықпен көтерген кездегі диаметрі 16 см. Осы барабан қалақшаларының айналу жиілігін тап.
60 күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге 2 м/с2 үдеу беретін күшті тап.
Меркурий планетасының орташа радиусы 2420 км, ал еркін түсу үдеуі 3,72 м/с2 Меркурийдің массасын анықта.
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, жол, үдеу формулаларын, шеңбер бойымен қозғалысты сипаттайтын айналу периоды, айналу жиілігі формулаларын білуі тиіс; бүкіл әлемдік тартылыс заңы мен ауырлық күшін байланыстыра алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |