ІІ ТАРАУ. «КОСТЮМНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ»
2.1 Ұлттық өрнектің симметриялық түрленуін компьютерлік бағдарлама негізінде жасау.
Берілген жұмыста оюдың классикалық симметрия негізінде құрылып, оның өрнектік мәтінінің түрленуін қарастыру барысында жазықтық симметриясы алында, ол елестету жазықтығы негізінде денені екі теңдей етіп, жазықтық бетінде дене трансляциясы құралды. Сызық бойымен жүргізілетін дене алмасуының осьін, трансляция осьі немесе алмасу осьі деп атайды. Аталған ось бойымен дененің ең аз алмасып, оның денелер аралық бірігуін трансляция кезеңі, ал мата мен тоқыма маталарындағы өрнектердің орналасуын – раппорт деп атайды. Мұнда шағылысқан дене өз бетінше жаңа пішін бола тұра, өзінің негізгі оюдан шағылысып бірегейлікті құралуын автоматты түрде жасаймыз (сур.10).
Сурет 10. Ұлттық өрнектің симметриялық түрленуін компьютерлік бағдарлама негізінде жасау.
Берілген топтастыруда өрнектің костюм бетінде орналасу келесі тәртіппен орналасқан, шеңбер ішінде қолданатын өрнек берілген, екінші шеңберде үлгілерді шартты түрде араб санымен белгіледік, ал үінші шеңберде екінші шеңбер үлгілерінен құралған өрнек орналасуы көрсетілген. Мысалы, (сур.11) 3 үлгі мен 4 үлгі бірігуінен – 34 шартты белгімен үлгінің түрі пайда болады. Мұнда сәндік безендіру сызықтарының топтастырылуымен қатар олардың классикалық орналасу заңдылықтары анықталды.
Сурет 11. Құрама үлгінің автоматты түрде жасалуы.
Пішін құрудың түрлерінің бірі ішкі мүшелеу сызықтарының негізінде құрылуы. Ол құрылыстық, сәнді құрылыстық, сәнді болып үшке бөлінеді.
активті үйкеліс аймағы – тізе аймағы, бұйым етегінің аймағы, өңір жиегі, ұзын жең ұшы;
аз үйкеліс аймағы – кеуде сызығы, жаға, қысқа жең ұшы;
орташа үйкеліс аймағы – бел сызығы, бөксе сызығы;
Үлгі 1, 2, 4, 6. – мұнда өрнек ең қарапайым түрінде жасалынған, ол өрнектің классикалық орналасу жері жең ұшында, мойын ойындысында, кеуде шеңберінде, кеудешенің жоғарғы жақ иініш сызығында орындалған. Бірақ бұл шешімнің ұтымды жағына келетін болсақ, өрнек костюмнің ең аз үйкеліс аймағында орналасқан (сур.12).
Үлгі 12, 61 – екі үлгіден алынған құрама орындалған өрнек сәнді утилитарлы талап пен қатар киімнің жоғарғы бөлігінің ішкі мүшелену сызығының қанықтылығын арттырып, төменгі бөлікке қараған үйлесімді салмақ қосып тұр.
Үлгі 3, 23, 34 – өрнек алдыңғы бойдың орта сызығында, мойын ойындысы мен орта сызығында, кеуде шеңбері мен орта сызығында сәнді утилитарлы түрде орындалған. Бұл шешімде өрнек кішкене болса да, активті үйкеліс аймағына түсті, бірақ өрнек бұйымның алдыңғы бойында ғана орналасқанынан, оның үйкеліс мөлшері аз деңгейде болады.
Үлгі 5, 45, 56 – бұйымның етек сызығында, кеуде мен етек сызықтарында, кеудешенің жоғарғы жақ иініш пен етек сызықтарында орналасқан. Бұл өрнектер үйкелістің активті аймағында орналасқан. Сондықтан да бұл шешімнің оңтайлы жолы ретінде, бұйымның тізе аумағынан сәл жоғары болуы талаптанады.
Костюмде симметрия мен асимметриялық өрнектердің орналасуы киімнің мақсаты мен талабына байланысты қолданыс табады. Сәндік сызықтар сәндік-құрылыстық сызықтарға қарағанда орналасу жерімен алуан түрлі болып келеді. Сәндік симметрия және ассиметриялы сызықтарда бекіту, ұстап тұру талаптары болмағандықтан, олар тек эстетикалық талаптарды орындайды.
Қазіргі тәжірибеде, симметрия топтарының құрылысы заңдылықтары костюмді жобалауда жаңа пішіндер конструкциялар жасауда кеңінен қолданылады. Ою-өрнек теориясында симметрияның кристаллографиялық топтары толық зерттелген. Теорияның бұл жағдайында костюм пішінінің оң мен сол жақтарын өзгеріссіз қатып қалған қағида ретінде қарастырмайды, элементтердің белгілі кеңістік бағытындағы қозғалысын көрсететін, белгілі қозғалыс заңдарының қасиеті ретінде қарастырылады. Осындай қозғалыстар нәтижесінде пішін элементтері теңдік, ұқсастық қатынастарын сақтаумен қатар, өзгерістерге де ұшырайды.
Автоматтық жобалаудың артықшылығы болып бір бөлік немесе өрнек негізінен алуан түрлі суреттердің жасалып шығарылуында. Мұндай жұмыс суретшінің дәстүрлі арқылы жұмыс істерінен жаңа инновациялық әдісті қолдануы шығармашылық ойының іске асыруына мүмкіндік береді. Бірақ костюм суретін жобалау үрдісі біріншіден шығармашылық жұмыс болып қала бермек, өйткені бұл жұмысқа суретшінің қиялы, сезімі, жиналған тәжірибесі автоматтық жүйеге ендіріле алмайды, ол тек нәтижелі өрнекті өңдеуде адам-машина, қауым-қатынасының арасында шешуші рольді атқарады.
Костюмді жобалаудың бірінші сатысы суретші-үлгілеуші үлесіне тиеді. Онда алуан түрлі киім пішіндері мен оны безендіру тәсілдері қолданады. Барлық тәсілдерді бір жүйеге салып топтастыру, үлгілеушінің жұмысын жеңілдетіп, жаңа костюмнің пішін құру үлгілеріне қол жеткізеді. Инновациялық технологиялар көмегімен пішін құру тәсілдерінің түрлері еселене түседі. Ал өз тарапынан киім ассортиментінің ұлғаюына өз септігін тигізеді.
Бұйымның арналуына байланысты өрнектің жеке мінездемесі және оның эстетикалық функциясы өзгереді. Ал осының негізінде костюмнің пішін құру үрдісі өзгеріп, киімнің ассортименттік түрленуі және оның көркемдік қанықтығы арттыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық өрнек нұсқасынының түрленуін Corel Drow, Paint компьтерлік жүйе негізінде жүзеге асырылды.
Сурет 12. Костюмнің симметриялы сәндік-құрылыстық ішкі мүшелену сызықтарының автоматты түрде орналастыру.
Жеңіл өнеркәсіпте әр түрлі тәсілдердің интеграциялануын жүйелік жобалау қағидасы ғана жүзеге асыра алады. Автоматтандырылған жүйені қолдану жобалау үдерісінің барлық буындарында жақсы нәтижелерге жетудің кепілі болып табылады.
Сонымен, сәндік-құрылыстық симметриялы және асимметриялы құралуы, қазіргі заманғы тәжірибеде тек пішіннің сырт бейнесін ұйымдастыратын құрал ретінде ғана емес, онымен қатар, пішіннің жеке құбылыстың, тіптен үдерістің морфологиялық құрылымын анықтайтын тәсіл немесе қағида ретінде де қарастырылады.
Дипломдық жұмыста қойылған талаптарды шешу үшін, пішін құру үрдісі жайында барлық мәліметтердің түрлері қарастырылды.
Өндірісте өндірілетін костюмнің болашақ пішіні туралы қолайлы мағлұматты, костюм пішін құру үдерісін зерттеудегі бір бөлімі болып табылады. Болашақ костюм пішінінің болжамы өткен уақыт оқиғаларымен тығыз байланысты, өткен кезең аралығындағы пішін дамуының талдануымен шешіледі. Сәндегі болжам өндірістің экономикасын анықтайды. Дәл нүктесі түсіп, яғни бір пішіннің адамдарға қажеттілігі, олардың талғамы мен көңіл күйіне әсер етуін тауып, пішін түрлері ішінен қажеттісін таңдап, сұрыпталған пішіндердің бірнеше жыл шамалы өзгерістерге ұшырап қызмет етуі, - өндірістік жобалаудың басты назары болып табылады.
Костюмді жүйе ретінде қарастыра отырып, біз оның әр дайым қозғалыста болуын байқаймыз. Костюмдегі сәннің бірінен кейін бірі алмасуы негізінде пішіндер алмасуынын үзіліссіз қозғала дамуын көрсетеді.
Костюм пішінінің пайда болуын зерттеу, оның ішкі мүшелену құрылымын анықтау және үлгілердің элементтерін үйлестіріп, киімнің дәстүрлі құралына, сыртқы көрінісін өзгерту үшін айтарлықтай өзгерістер ендіруге мүмкіндік береді.
Көркемдік жобалауындағы костюм пішінінің көлем құру тәсілдеріне арналған сұрақтар аз зерттелген. Костюмнің пішін құруына зерттеу жүргізу көркемдік жобалаудың көзқарасы бойынша киімнің сапасын жоғарылату, утилитарлық және эстетикалық қасиеттерін жақсарту, дәлелдік зерттеу жұмыстарының кейбір бағыттарын анықтай отырып, киімдегі даму саласында эстетикалық сапалы бұйымдардың әзірлеу үрдісін айқындайды.
Бұлардың пішін құру әдістерін, заңдылықтарын, композициялық талдауын, ішкі құрылымын үйлестіру максатымен талдап игеру, үлгілердің элементтерін жазық бөлшектер арқылы пішін, осылардың көлемді пішінді құру әдісіерін байқауға және өндірісті осы айтып отырған өнімді шығаруға техникалық дайындық жасауға мүмкіндік беріп отырады. Киімнің бөлшектерінің көркемдік жобалауы жұмыстың өте бір күрделі және жауапты кезеңдері болып келеді, себебі, бұл жерде барлық құрастырулық, сәндік және үлгілердің көркемдік элементтері нағыз дәлелдікпен орындалу керек.
Пішін түрлері
Ішкі мүшелеу түрлері
|
|
|
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
a
|
|
|
|
|
|
|
|
b
|
|
|
|
|
|
|
|
c
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |