Динамикалық пішін түсінігі
1. Ұлғайю, кішірею, ұмтылу, жаңару;
2. Бір пішіннен екінші пішінге ауысуы;
3. Пішін мінездемесінің өзгеруі;
4. Бастапқы және нәтижелік мақсатын
жоғалту.
Сурет 2. Костюмнің динамикалық пішін түсінігі.
1.2. Костюм формасын модельдеу
Костюм формасын модельдеу – костюмнің композициялық идеясымен сәйкес материалды ұйымластыру. Модельдеудін нәтижесі – дайын зат.
Егер мәселен өндірістік проектілеу жайында болса, онда киім дизайнері технолог және конструктормен бірігіп кызмет етеді. Бірінші экспериментальді модель жасайды, кейін іріктеу мен апробациядан кейін өндірістік үлгі шығады.
Киімді конструктілеу – киім моделінің конструкциясын жасау. Ол келесі кезеңдерден тұрады: әдістерді таңдау, эскиздік проекті үшін заттың чертежін /сызбасын/ жасау, есептеу, сызба құру /индивидуалды және стандартты өлшемдерді қолданып/, лекал дайындау, жұмыс құжаттарын дайындау.
Техникалық модельдеу – базалық модель бойынша сызбаларды және киім үлгілерін жасау немесе олардың графикалық бейнелерін жасау. Жасалған үлгі көпшілік өндіріс үшін форма мен конструкция эталоны болады.
Технология – өндіріс процесіндегі /өңдеу/ шикі затты өңдеу, дайындау және қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы, киімді дайындау әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Жібек маталар артикулінің бірінші цифры топтың нөміріне сәйкес келеді, яғни талшықтық құрамына: артикулдің екінші цифры шағын топтың нөміріне сәйкес келеді – матаның құрылымы мен қолданылуына. Сондықтан, жібек жіптерден тоқылған барлық маталардың артикульінің бірінші цифрі – 1, басқа талшықтармен қосылған жібек жіптерден тоқылған маталардікі – 2, жасанды жіптен тоқылған маталардікі – 3, басқа талшықтармен қосылған жасанды жіптерден тоқылған маталардікі – 4, синтетикалық жіптерден тоқылған маталардікі – 5, басқа талшықтармен қосылған синтетикалық жіптерден тоқылған маталардікі – 6, тағыда солай – солай. Креп маталары үшін артикульдің екінші цифрі – 1, тегіс тоқылған (полотналық, саржалық, атластық, айқаспалар) маталарынікі – 2, жаккард маталарынікі – 3, тағыда солай – солай. Артикульдің үшінші және одан кейінгі цифрі өзгеруі мүмкін. Олар маталардың шағын топ ішіндегі реттік нөмірі. Барлық жібек маталарының артикулі бес таңбалы болып келеді. Соңғы екі топ штапель маталарын қамтиды.
Жібек маталарының ассортиментінде өнебойы өзгерістер болып тұрады. Ассортиментті кеңейту иілгіш, көлемді және кескінді синтетикалық жіптерді пайдалану нәтижесінде болады. Олардың өзін, немесе таза жібек пен жасанды жібектерге қосып қолданылады. Ассортиментті кеңейтуүшін айқаспалардың күрделі түрлерін пайдаланып, жібек маталарды өңдеудің неше түрлі тәсілдерін пайдаланып (гофре, ойып, басып өрнектеу, жылумен өңдеу), іске асырамыз. Ассортиментті дамытудың негізгі бағыты: төсемдік беті жылтыр тығыз маталарды жасау; бетінің айырмашылығы өте айқын маталарды шығару, қатты ширатылған үлгілі жіптерді пайдаланып, жұқа селдір маталарды шығару; үзік сызықты немесе сетінеген сияқты маталарды шығару.
Сәнді көйлектік және көйлектін – костюмдік маталарды шығару үшін ацетатты немесе триацетатты талшықтан иірілген жіптер кең қолданылады, олардың жылтыр металл жіптермен қосылысы пайдаланылады; триацетатты талшығынан жасалған ауқымды жіптерді кескінді капрон жіптермен бірте ширатып та пайдаланады. Майда өрнекті, ірі өрнекті, айқаспамен тоқылған, жалаң қабат және көп қабатты, жатық боялған, баспалық суреті бар және ала тоқылған, тегіс және бедерлі құрылымды маталар шығару.
Табиғат көркемдігін сүю, сұлулығын сезіну, түрлі – түсті ажырата білу жеке аламның өз басына ғана байланысты болғанымен, жалпы қоғам үшін түр – түс жайындағы мәлімет өте қажет. Осыған орай басқа да табиғи құбылыстар сияқты, түр – түс табиғатының тым күрделілігіне байланысты онымен бүгінде физика, физиология, психология, химия, оптика, астрономия, метрология, өнертану, лингвистика т.б. талап жатқан ғылым салалары ішінде түр – түс табиғатын, арнайы зерттейтін ғылым саласы орыс тілінде «Цветоведение» деп аталады, осыған сәйкес қазақшалап түр – түстану ғылымы деп алуымызғы болады.
Табиғатты түр – түс әлемінен таныс болу, оны тұрмыс – тіршілігімізде атқаратын аса қажетті қызметін білу тағы бар. Табиғаттағы кеше алуан түр – түстері мен олардың ренктерін адам баласы екі түрлі жолмен танып, біле алады екен. Олардың бірі – ғылыми жолда, екіншісі халықтық дәстүр, тәжірібе түр – түс әлемін ғылыми жолмен тану, әрине, осы құбылысты зерттеуге қатысты ғылым салаларының дамуына байланыстыболса, дәстүрлік тану белгілі бір қауымның ұзақ дәуір бойындағы өмір тәжірибесіне сүйенеді, хронологиялық алып қарасақ, әрине, дәстүрлік тану ғылыми танудан бұрын тұруы керек.
Түр – түсті сезіну және қабылдау адамда пайда болатын сезімдерді зерттеу үшін негізгі психология ілімінде жататын көптеген құбылыстарды зерттеуге тура келеді. Мәселен, спектрдің тек қысқа толқындарынан тұратын жарық сәулесін көзінің ақауы жоқ адам көк түс ретінде көреді. Сол көк түсті сәуленің түсіп тұрған жазықтықты ықшамдау бөліп, оның айналасына көлемдірек етіп ашық жасыл сәулені түсірсек, жаңағы көк түстің реңі күлгін қызылға айналып кеткенін байқау қиын емес.
Түр – түстердің өзара салыстырмалы қарама – қарсылықта болуы (контраст) адам белгілі бір түр – түс бейнесін ұзақ уақыт қараған соң көзі үйреніп, басқа түсті затқа кенет бұрылғанда ол заттың түсін бірден анықтай алмайтындай халде болады. Себебі: көздің тор қабығында болатын жарық сезгіш анализатордың қызметіне байланысты. Біз қараңғы бөлмеден ашық күн астына шыққанда бірден жарыққа қарай алмай, көзіміздікөмгейлей береміз, тек біраз уақыттан кейін ғана көру қабілетіміз орнына келеді, керісінше жарықтан қараңғы үйге кіргенде де алғаш екі нәрсені бағдарлай алмай тіпті көрмей қаламыз.
Үйлесімділік. Адам өзін қоршаған табиғаттан ғасырлар бойы үйлесімділіктің неше алуан көріністерін байқап, оның әсемдік пен әдеміліктің көзі, бастау бұлағы екенін ұққан, әсіресе табиғаттағы түр – түс үйлесімділігі ғажайып әсерімен адам баласын таңғалдырып, оның мінез – құлқына, әдет – ғұрпына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз әсемдік пен әдемілікті әр кезде гүлге, жастық пен балалықтың белгісін көктемнің жасыл шөбі мен көк шыбыққа теңейміз.
Түр – түстің айырмашылығы және атауы. Түр – түс айырмашылығы деген ұғым осы сияқты бірнеше топшылау жасауға өзінің дүдәмалдығымен себепші. Жалпы түр – түстің айырмашылығын анықтаудың бірнеше түрлі әдісі бар: фотометриялық, салыстырмалы, бірізді уақытпен анықтау және есте сақтау.
Түр – түс айырмашылығының тәсілдері олардың таулармен тығыз байланысты. Түр – түсті бір – біріне жақын екі әдіспен анықтауға болады.
Бірінші әдіс – түр – түсті абсолютті негізде, яғни тек тікелей түр – түсті сезіну нәтижесі арқылы сипаттау.
Екінші әдіс – екі түстің арасындағы айырмашылық немесе қанықтығы, реңі және жарықтығының өзгеруі шамасына байланысты сипаттау.
Түр – түс гаммасы. Бұл да жартылай калька жолымен жасалған термин оның екінші сыңары – гамма /грек сөзі/ белгілі бір тәртіппен орналасқан түр – түстердің сәйкестігі үйлесімділігі деген ұғым береді. «Түр – түс гаммасы» деген түрлі – түстердің ренктердің қалай болса солай емес біріне – бірі жақын, бірінен – бірі туындайтын бірізділікпен орналасуын білдіреміз.
Астарлық маталардың ассортиментінде атластық айқаспамен вискоза, ацетатты, вискоза – ацетатты жіптерден тоқылған маталар кептеп шығарылуда. Оларға қоса майда өрнекті, әр түрлі ірі өрнекті айқаспамен тоқылған маталар да шығарылуда
Плащтық матаның ассортименті баспалық суретті, полатнолық айқаспамен резіңкеленіп тоқылған маталардан толықтырылуда. Оларға лавсан – вискоза немесе вискоза – капронды аралас штапель жіптері пайдаланылады. Таза вискоза және триацетатты – вискозды, триацетатты – вискоза – капронды аралас жіптерден штапель маталарын шығару кеңеюде.
Достарыңызбен бөлісу: |