4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
|
Тексерілетін мақсат
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Тапсырма саны*
|
№ тапсырма*
|
Тапсырма түрі*
|
Орындау уақыты, мин*
|
Балл*
|
Бөлім бойынша балл
|
Энергия
|
7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату
|
Білу және түсіну
|
2
|
1
|
КТБ
|
1
|
1
|
8
|
7.2.3.3 - кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану
|
Қолдану
|
5
|
ТЖ
|
14
|
7
|
7.2.3.4 - жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының және серпімді дененің формуласын қолдану
|
Қолдану
|
7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
|
Білу және түсіну; Қолдану
|
Күш моменті
|
7.2.4.1 - «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру
|
Білу және түсіну
|
2
|
4
|
ҚЖ
ТЖ
|
7
|
4
|
8
|
7.2.4.4 - тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
|
Қолдану
|
7.2.4.6 - көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
6
|
ТЖ
|
13
|
4
|
Жер және Ғарыш
|
7.7.1.1 - геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру
|
Білу және түсіну
|
2
|
2
|
ҚЖ
|
1
|
2
|
4
|
7.7.1.3 - жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру
|
Білу және түсіну
|
3
|
ҚЖ
|
4
|
2
|
Қолдану
|
Барлығы:
|
|
|
6
|
|
|
40
|
20
|
20
|
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
|
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Суретте көрсетілген шардың ұшу траекториясының қай нүктесінде кинетикалық энергиясы максимал?
А) А нүктесінде;
В) А және В нүктесінде;
С) С нүктесінде;
Д) В және С нүктелерінде.
[1]
Кестедегі Күн жүйелері, центріндегі аспан денелері мен олардың негізін қалаушыларды сызықтармен қосыңдар.
[2]
Жердегі күн мен түннің және жыл мезгілдерінің ауысу себептерін жазыңдар.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________
[2]
4 . Суретте жүктер ілінген иіндік көрсетілген. Мұндағы:
a) О нүктесі -____________________________
АО , ОВ - ____________________________
[1]
b) Иіні 20 см –ге тең В нүктесіне түсірілген күш 60 Н. Иіндік тепе-теңдікте болу үшін А нүктесіне қандай күш түсіру керек? ОА=15 см
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ [3]
5. Оқушы тәжірибе барысында ойыншық тапаншасының серіппесін 5 см-ге қысып, массасы 20 г кішкентай шарды жоғары қарай атады. Шардың атылу кезіндегі жылдамдығы 5 м/с. Ауаның үйкелісі ескерілмейді. g =10 Н/кг
a) ұшу кезіндегі шардың кинетикалық энергиясын анықтаңдар:
___________________________________________________________________________[2]
b) серіппенің сығылу кезіндегі потенциалдық энергиясын анықтаңдар.
___________________________________________________________________________[1]
c) серіппенің қатаңдығы неге тең?
___________________________________________________________________________ [2]
d) шар траекториясының ең жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясын және көтерілу биіктігін анықтаңдар.
___________________________________________________________________________[2]
6. Биіктігі 1,5 м, ұзындығы 15 м көлбеу бойымен шарды жоғары көтереді.
Суреттегі мәліметтерді пайдаланып төменде келтірілген кестені толтырыңыз. Шарды h биіктікке көтеруге жұмсалған пайдалы жұмысты табыңыз.
______________________________________________________________________
[1]
b) Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі жасалған жұмысты анықтаңыз.
__________________________________________________________________________ [1]
c) Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңыз.
_________________________________________________________________________ [1]
Aпайдалы, Дж
|
|
Aжасалған, Дж
|
|
ПӘК, %
|
|
d) Кестедегі мәндерді талдап, көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін арттыру тәсілдерін ұсыныңыз.
_________________________________________________________________________ [1]
Достарыңызбен бөлісу: |