7 сынып информатикадио



Pdf көрінісі
бет16/201
Дата01.03.2024
өлшемі1.9 Mb.
#493664
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   201
7 сынып информатика

2.2 Антивирустық қауіпсіздік
• 
Компьютерлік вирус – шағын көлемдегі, компьютерге 
зиян келтіру үшін жазылған арнайы программа.
 
Вирус жұққан компьютердегі ауытқулар :
- Экранға белгісіз деректер, символдар т.б. шығады
- Кейбір программалар жұмысын тоқтатады 
- Экранда кенеттен әртүрлi бейне және дыбыстық 
эффектiлер пайда болады
- Файлдардың ашылмай қалуы жиілейді
- Компьютердің жылдамдығы төмендейді
• 
Компьютерлік вирустардың негізгі екі түрі : резиденттік 
және резиденттік емес
 
Резиденттік – компьютер жадында тұрақты сақталады
• 
Резиденттік емес – компьютер жадында тұрақты сақтал-
майды 
• 
Компьютерлік вирустардың жіктелуі : 
• 
« Вирус-қақпан» - программалық құралдардағы қа-
теліктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады
• 
 «Логикалық бомбалар» - (баяу әсер ететін «бом-
балар») қарапайым программаларға кіріп, жасырынып жатады. 
Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн, ай мерзімінде 
немесе уақытта, программа орындалуының белгілі кезеңінде) 
орындалғанда ғана әсер ете бастайды.
• 
 «Құрттар» - жүйелік программалаушылардың ақпа-
раттық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау 
программасына кіріп, бос құрылғыларды тектен-тек жұмыс 
істеуге мәжбүр етеді
• 
 «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы програм-
маларға еніп, рұқсат етілмеген әрекеттерді орындатады. 
Мысалы, жасырын ақпараттарды жария етеді, жедел жадтағы 
ақпараттарды «басқа жаққа» жібереді.
• 
Вирустан сақтану үшін қолданылатын программа түр-
лері :
- Детектор программалар - бұрыннан белгілі вирус түр-
лерінен қорғай алады, алайда жаңа вирустарға қарсы 
дәрменсіз.
- Доктор программалар - немесе «фагтар» вирус жұққан 
программалар мен дискілерді «вирустарын» өшіру арқылы 
емдеп, оларды бастапқы қалпына келтіреді.
- Ревизор программалар - алдымен программалар мен 
дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап
содан соң оны кейінгісімен салыстырады.
- Сүзгі программалар - компьютердің жедел жадында 
тұрақты (резидентті) орналасады. Вирустардың зиянды 
әрекетін тоқтатып, компьютер пайдаланушысына дер 
кезінде хабарлап отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   201




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет