Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
|
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
|
Тапсырма
|
|
Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздерді қатыстыра отырып, 2 проблемалық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызбен алмастырыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріңіз. Өзгенің жауабын өз болжам жауабыңызбен салыстырыңыз. Келісу, келіспеу себептерін талқылаңыз.
Еліміздің экологиялық проблемалары
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендік әсер етуінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарылауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мүнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп, индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде қүрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды мүхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған шара -табиғат байлықтарын түтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!
|
Достарыңызбен бөлісу: |