7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §13. Қыпшақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Қыпшақ хандығының тарихымен, Дешті Қыпшақ деп аталатын аймақта өткен оқиғалармен таныстыру,хандықтың қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындау;
Оқушылардың Қыпшақ мемлекетінің қоғамдық құрылысы алым-салық жүйесі,саяси жағдайын талдап, тарихи деректермен жұмыс жүргізу, ойларын жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіру;
Оқушыларды қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық мемлекеттер тарихымен таныстра отырып, өз Отанын сүюге,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі: карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қарақытайлардың Жетісу жеріне келуінің себебі неде?
Қарақытай билеушісі ел басқаруда қандай саясат ұстанады?
Қарақытайлардың жаугершілік соғыстары туралы не білесің?
Қарақытай мемлекетінің құлауына не себеп болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы.
2. Қоғамдық құрылысы.
3.Қыпшақ хандығының саяси жағдайы.
4.Шаруашылығы.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Қыпшақ халқының қалыптасуы қай ғасырларда жүзеге асты?
Қыпшақтардың негізгі тайпаесының елбөрілі немесе бөрілі деп аталуы себебі неде?
Қыпшақ тілі қандай тіл тобына жатады?
Қыпшақ хандығының саяси тарихындағы негізгі оқиғкаларын атаңдар?
Қыпшақтардың басқару жүйесі қандай болды?
Қыпшақ хандығының ыдырау себептерін түсіндіріңдер
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§13
Достарыңызбен бөлісу: |