7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет14/49
Дата04.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#497580
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Қазақстан тарихы пәнінен 7-сыныпқа арналған Күнтізбелік жоспар

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §12. Қарақытайлар.
Сабақтың мақсаты:

  • Қарақытацлардың Жетісуға қоныс аударуын, қоғамдық құрылысын түсіндіре отырып, жаугершілік соғыстары мен мемлекеттің әлсіреуіне сыртқы шапқыншылықтың әсерін көрсету;

  • Оқушыларды қарақытай мемлекетінің қоғамдық құрылысы, алым-салық жүйесі, саяси жағдайын талдап,тарихи деректермен жұмыс жүргізту, ойларын жинақтап қорытындылау дағдыларын жетілдіру.

  • Оқушыларды қазақ жерінде өмір сүрген ортағасырлық мемлекетт тарихымен таныстыра отырып, өз Отанын сүюге адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:арала
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Найман ,керей,жалайырлар қай жерді мекендеді?

  • Найман хандарының билеушілерінің әрекетіне сипаттама бер.

  • Керей хандары туралы не білесің?

  • Жалайыр тайпасының Шыңғысханмен қарым-қатынасы қандай болды?

  • Мемлекеттік бірлестіктердің саяси құрылысы қандай болды?

  • Шаруашылығы мен мәдениеті туралы не білесің?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:


1. 1.Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы,этникалық құрамы
2.Мемлекеттің қоғамдық құрылысы мен алым-салық жүйесі.
3.Мемлекеттің сыртқы жағдайы.
Ортағасырлық мемлекеттер тарихымен оқушыларды таныстырудағы тарихи деректердің маңызы туралы айта отырып, жаңа сабақты Қарақытайдың шығу тарихы мен этникалық тегі туралы деректерден, мәлімет беруден бастаймын.Олардың Жетісуға қоныс аудару себептеріне,Қарахан мемлекетінің жерін бағындыруы, мемлекеттік басқару жүйесі,саяси тарихының негізгі мәселелерін баяндай отырып, сабақ барысында алған білімдерін оқушылардың өздеріне талдатып, қорытынды жасату. Ол үшін оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма.Қарақытайлардың Жетісуға қоныс ауларуының негізгі себептерін жазыңдар
Бірінші--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Екінші---------------------------------------------------------------------------------------------------------


2-тапсырма. Оқушыларға проблемалық сұрақтар беріледі:
а) Қарақытайлар неліктен Қарахан мемлекетінің басқару жүйесін өзгерпеді?
ә) Қарақытайлардың ел басқару жүйесіндегі өзіндік ерекшіліктері қандай?

Бұл сұрақтар оқушылардың өткен сабақта алған білімін қолдана отырып, салыстуға, ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.


3-тапсырма. Қарақытайлардың алыс-салық жүйесіне сипаттама бер.
Алым-салық түрлері
1.---------------------------------
2.---------------------------------
3----------------------------------

Өзіндік жұмыс тапсырмалары оқушылардың оқу материалдарын жақсы меңгеруіне


көмектеседі.

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  • Қарақытайлардың Жетісу жеріне келуінің себебі неде?

  • Қарақытай билеушісі ел басқаруда қандай саясат ұстанады?

  • Қарақытайлардың жаугершілік соғыстары туралы не білесің?

  • Қарақытай мемлекетінің құлауына не себеп болды?

Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:12-параграфты оқу.
Картадан Қарақытайлар бағындырған жерлерді анықтау. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет