7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §10. Қарахан мемлекеті
Сабақтың мақсаты:
Tүpiк қағанатының дәстүрлi жалғасы болған, басқару,
экономикалық, қоғамдық. құрылысы жағынан жан-жақты дамыған Қарахан мемлекетiнiң тарихымен және мәдениетімен таныстыру;
Дамыған ортағасырлык мемлекеттiң өзiне тән ерекшелiктерiн меңгерте oтыpып, оқyшылaрды өзiндiк ойлауға, тарихи оқиғаларды талдап қорытындылауға дағдыландыру;
Қарахан мемлекетiнiң ислам дiнiн қабылдауын, оның сәулет өнepiнe әcepiн түсiндiре отырып, имандылыққа, бүгiнге дейiн мәнін жоймаған мәдени мұраларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта,сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ерте ортағасырлық. мемлекеттерге қатысты сұрақтар беруге болады.
Ерте ортағасырлық мемлекеттер қай уақытты қамтиды?
Ерте ортағасырлық мемлекеттерге қандай мемлекеттер жатады?
Ерте ортағасырлық мемлекеттер туралы қандай деректердi бiлесiң?
Қытай, Византия, Иран елдерiмен қарым -қатынас жасаған Tүpiк мемлекеттерiн атаңдар.
Қалалар қазақ жерiнiң қай белiгiнде жақсы дамыды?
Ерте ортағасырлық мемлекеттерге тән қандай жазба ескерткiштердi бiлесiң?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қарахан мемлекетiнiң құрылуы, халқының этникалык. құрамы.
2. Қарахан мемлекетiнiң қоғамдық құрылысы.
3. Мемлекеттiң саяси жағдайы.
4. Шаруашылығы мен мәдениетi.
Қарахан мемлекетiнiң құрылуын қарлұқ қағанатымен байланыста оқытуды басшылыққа ала отырып, оқушыларға ойтүрткi ретiнде сұрақтар қойылады:
1.840 жылы қарлұқ қағанатының қағаны кім болды?
2.Қарлұқ қағанатында саманилерге қарсы күpecтi кiмдер жүргiздi?
3.Қарлұқтардың елсiреуiнiң себебi неде?
4.942 жылы Баласағұн қаласының билiгi кiмнiң қ.олына көштi?
Бұл сұрақтың жауабын сызба түрiнде көрсетуге де болады, мемлекеттiң саяси тарихын жеңiл меңгеру үшiн осы сызбаны әpi қарай оқушылар өздерi жалғастырады.
-
-
-
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Қapaxaн мемлекетiнiң құрылуы, халқының этникалық құpaмы туралы не бiлсiң?
Мемлекеттiк басқару жүйесі мен жер иелену
түрлерi қандай болды?
қашан қабылданды?
Қapaxaн билеушiлерiнiң Орта Азияға жорығының нәтижесi қалай болды?
5.Қapaxaн мемлекетiнiң Батыс және Шығыс xaндықтарына
сипаттама бер.
Қapaxaн мемлекетiнiң әлсiреуiне не себеп болды?
Мемлекетте шаруашылықтың қандай түрлерi дамыды?
Мәдениеттiң дамуына ислам дiнiнiң әсepi неден басталады?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: 10-параграфты оқу. Картамен жұмыс. Қарахан мемлекетi тұсында салынған сәулет өнepi үлгiлерiне қатысты реферат жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |