7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет37/49
Дата04.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#497580
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Қазақстан тарихы пәнінен 7-сыныпқа арналған Күнтізбелік жоспар

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §35. Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру;

  • Қазақ мемлекетін құрған қазақ хандарының іс-әрекеттерін негізінде оқушыларды ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті «ККК»,
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті?

  • Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?

  • Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?

  • Сауда саттық қандай қалаларда жақсы дамыды?

  • Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Хандықтың негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.

      2. Алғашқы қазақ хандығының аумағы

      3. Халқының этникалық құрамы

      4. Көрші елдермен қарым-қатынасы.

    • «ККК» әдісі бойынша 4 тақырыпты 4 топқа бөліп беремін.

    • Сабақ соңында өзім сараптама жасаймын.

Сабақты бекіту:

      1. Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?

      2. Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?

      3. Қазақ хандығы қашан құрылды?

      4. Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?

      5. Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?

Бағалау:
Үйге тапсырма: §35.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет