7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: ІІ бөлім мен ІІІ тоқсанды қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Өткен сабақтарды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін орнықтыру;
Оқушылардың тест сұрақтарымен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды үзбей білім алуға, талмай ізденуге , дұрыс тәлім-тәрбие алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: жинақтап-қайталау.
Көрнекілік:
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Екінші бөлім қай ғасырлар аралығын қамтиды?
Қарахан хандығында халықтан салық жинау құқы қалай аталды?
Ж.Баласағұн, М. Қашқари, А.Йасауи қай мемлекетте өмір сүрген?
Қарақытайлар қай тілде сөйледі?
Наймандар мен Керейлер қай дінге сенген?
«Қыпшақ» ел аты алғаш рет қай жерде кездескен?
Дешті-Қыпшақ аймағына қай аймақ кірмеген?
Ұлы Жібек жолы қай кезден бастап мәмілегерлік және сауда қызметін атқара бастады?
Қазақстан бойынша Жібек жолы қызметі қашан тоқталды?
Ежелгі Отырар қай жерде орналасқан?
Монғол-татар шапқыншылығы кезінде Оңтүстік Қазақстанда билік кімнің қолында болды?
Шыңғысханның билік құрған жылдарын атаңыз?
Қашан Шыңғысхан әскері Жетісуға басып кірді?
«Отырар» апаты қашан болды?
Қай ұлысқа Қазақстан аймағы кірген жоқ?
Монғолдардың заңы қалай аталды?
1237 жылы Бату қай жерлерді бағындыруға аттанды?
Алтын Орда қашан құрылды?
Алтын Орда қашан ыдырады, Қазақстанда қандай мемлекеттер құрылды?
Моғолстан мемлекеті қай жерде құрылды?
Салықтың қандай түрлері бар?
Ақ Орданың астанасы?
Әмір Темір қай мемлекетті басқарды?
Орта ғасырдағы Қазақстан халықтарының негізгі шаруашылығы қандай?
Алтын Орданың мемлекеттік тілін атаңдар?
«Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді?
Сопылық деген не?
Қожа Ахмет Йасауи қай ғасырда салынған?
ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы қандай мәдениет мұраларын білесіңдер?
Атақты ғұламалардан кімдерді білесіңдер?
Рухани мәдениетке не жатады?
Материалдық мәдениет дегеніміз не?
«Вакф» деген не?
Егін шаруашылығы Қазақстанның қай жерлерінде дамыды?
Қандай қалалар қоғамның дамуында маңызды рөл атқарды?
«92 баулы өзбектер» шежіресінде қазақтар туралы не айтылды?
Өлкеде ислам діні қалай тарады?
Сабақты бекіту:
«Иә-Жоқ»
«Топтастыру»
«Кубизм»
«ККК»
«Мұны әркім білуі тиіс»
Бағалау:
Үйге тапсырма: Қайталау
Достарыңызбен бөлісу: |