7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет42/49
Дата04.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#497580
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49
Қазақстан тарихы пәнінен 7-сыныпқа арналған Күнтізбелік жоспар

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Есім хан (1598-1628)
Сабақтың мақсаты:

  • Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайы туралы , Есім ханның заңдары туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;

  • Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайын, Есім хан мен Тұрсын ханның арасындағы алауыздықтың салдарын түсіндіре отырып, оқушыларды ауызбіршілікке, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Тәуекел хан өзбек ханының қайсысына қарсы соғысты?

  • Тәуекел ханның «ант беріскен шартты» бұзу себебі неде?

  • Қай ел қазақтарға «оқ ататын» қару беруге уәде етті?

  • Тәуекел ханның Ресейге қойған талаптары неге орындалмады?

  • Тәуекел хан қай жерде қайтыс болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Есым ханның сыртқы және ішкі саясаты

      2. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қарама-қайшылықтар

      3. Тұрсын ханның бүлігі

      4. Есім ханның ескі жолы

  • Әдеби деректерге қарағанда Тұрсын ханды Есімнің өзі жазалаған. Ол Марғасқа жыраудың мына өлең жолдарынан көрінеді:

«Ей, қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы жеткен пақырсың!

Сабақты бекіту:

  • Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдай қандай болды?

  • Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?

  • Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?

  • Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?

  • «Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?

  • Тақырыптың тарихи-тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?

Бағалау:
Үйге тапсырма: 40-параграфты оқу. «Есім салған ескі жол» атты тақырыпта реферат дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет