Лабораториялық жұмыс «Судың қайнау үдерісін зерттеу»
Оқу мақсаты 7.1.1.6 Судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы • Эксперимент нәтижесі бойынша қыздыру қисығын салады
• Қыздыру қисығының бөліктерін талдайды
• Бөлшектер теориясын пайдалана отырып қыздыру, қайнау және булану үдерістерін түсіндіреді
Мақсаты: қайнау жағдайын және механизмін зерттеу, қайнау үдерісінің ерекшеліктері
мен кезеңдерін зерттеп, қисығын салып оған тән сипатын белгілеу, өзінің бақылауына
қатысты бөлшектер теориясын түсіндіру.
Құралдар мен реактивтер: тұрғы, шприц, шыны стақан, спиртшам, термометр,
секундомер.
Жұмыстың барысы
|
Не байқалды
|
қортынды
|
1) суды қыздырғанда температураның өсуі термометрдің орналасу биіктігіне байланысты өзгеруіне зерттеу жүргізіңіз;
|
|
|
судың қайнау уақыты судың құрамына байланысты екеніне көз жеткізіңіз (су
құбырынан алынған су, қайнаған су, сүзгіден өткізілген су);
|
|
|
қайнау температурасының қысымға байланыстылығын зерттеңіз (қарапайым
шприцпен қысымды төмендету арқылы);
қорытынды жасағанда бөлшектер теориясы тұрғысынан қайнау үдерісіне түсінік беріңіз.
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
− тәжірибе жүргізгенде эксперименттің жүйелі құрылуын ұстанады, қайнау қисығын салады;
− суды қыздырғанда температураның өсуі термометрдің орналасу биіктігіне байланысты өзгеруін түсіндіріп, кестеге және графикке түсіреді;
− судың қайнау уақыты судың құрамына байланысты екенін айтып, кестені толтырады;
− абсцисса және ордината осьтерінде шамаларды көрсетеді;
− бөлшектер теориясы тұрғысынан қайнау үдерісін түсіндіріп, қорытынды жасайды.
Күні « » Зерханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Балауыздың жануы.
Достарыңызбен бөлісу: |