77,1 мың к Халқы 3,4 млн. (2010). Халқы негізінен метистер



Дата24.02.2016
өлшемі30.34 Kb.
Панама Республикасы – Орталық Америкадағы Панама мойнағында орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 77,1 мың км2. Халқы 3,4 млн. (2010). Халқы негізінен метистер (60%), байырғы тұрғындары – үндістер. Олардан басқа көрші елдерден қоныс аударғандар, қытайлар тұрады.



Панама жері



  • Астанасы – Панама қаласы.

  • Ресми тілі – испан тілі.

  • Халқының көпшілігі христиан-католиктер.

  • Мемлекет және үкімет басшысы президент.

  • Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы ассамблея.

  • Әкімшілік жағынан 9 провинция мен арнайы аумаққа бөлінеді.

  • Ақша бірлігі – бальбоа

Панама аумағы Орталық Американың ең жіңішке бөлігін алып жатыр. Жағалауы аласа, абразиялы және абразиялы-аккумулятті, солтүстік-батысы лагуналы. Тынық мұхит жағалауы тілімделген, шығанақты (Панама, Монтихо), аралды (Інжу, Койба, т.б.) келеді. Бүкіл аумағын бойлай тау жоталары созылып жатыр. Тау аралық ойыстар мен жағалық бөлігін ойпатты өңірлер алған. Жер сілкіністері жиі болып тұрады.

Климаты


Климаты субэкваторлық, ыстық және ылғалды. Орташа айлық темп-расы 25 – 28ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 3500 мм.

  • Өзен торы жиі. Ірі өзені – Чагрес.

Тарихы


Испания отарына айналғанға дейін Панама жерін 60-тан астам үндіс тайпалары мекендеген. Батысында чибча тілдер тобына жататын үндістер, шығысында кариб тайпалары, оңтүстік-шығысында чоко тайпалары өмір сүрді. Бұлардың бәрі алғашқы қауымдық құрылыс сатысында болды. Панама жерін 1501 ж. испан конкистадоры Родриго де Бастидас ашты. Осы кезден бастап Панама Испанияның отарына айналды. 1542 – 65 ж. Панама Гватемала генерал-капитандығының, содан соң 1718 жылға дейін Перу вице-корольдігінің құрамына кірді. 17 ғасырдан бастап испандар банан плантациялары мен кеніштерінде жұмыс істеу үшін Африкадан негр-құлдарды әкелді. 1821 ж. қарашада Панама тәуелсіздігін жариялап, Жаңа Гранада құрамында Ұлы Колумбия федерациялық респуб ликасының құрамына енді. 1830 ж. Ұлы Колумбия құлап, Панама департамент құқында Жаңа Гранада республикасы (1886 жылдан Колумбия) құрамында қалды. 1903 ж. 3 қарашада Панама Колумбиядан бөлініп шығып, өзін тәуелсіз республика деп жариялады. 2-дүниежүз. соғыс кезінде АҚШ әскери базасын Панамаға орналастырды. Жаппай халық көтерілістері мен бейбіт шерулерден кейін 1968 ж. мемлекеттік төңкеріс болып, әскери диктатура орнады. 1989 ж. желтоқсандағы АҚШ қарулы интервенциясы нәтижесінде әскери жүйе құлады. 1990 ж. ақпан айында АҚШ әскери күшінің Панамадан шығарылуы жаңа мемлекеттік құрылыстың қалыптасуымен аяқталды. 1994 ж. 8 мамырдағы сайлауда Рев.-демокр. партияның өкілдері жеңіске жетті.

Панама – агр. ел. Егістік жерлерінің көп бөлігін банан плантациялары алып жатыр. Банан, цитрустар, қант, кофе өсіріледі. Балық ш. дамыған. Ел экономикасында Панама каналының рөлі өте зор. Каналдан түсетін кіріс ұлттық өнімнің 30%-ын құрайды. Экспортқа банан, қант, кофе, темекі жапырағы, креветкалар шығарып, сырттан түрлі тұтыну бұйымдарын алады.

  • Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Эквадор, Коста-Рика, Венесуэла.

Панама мойнағыОрталық және Оңтүстік Американы қосатын мойнақ. Солтүстігін Кариб теңізі шайса, оңтүстігін Тынық мұхиты шайады. Пайда болған күні плиоценге барады, үш миллион жыл бұрын. Панама мойнағы Панама мемлекетіне қарайды. Қолайлы жағрафиялық орнына байланысты Атлант пен Тынық мұхиттарын қосатын кемеқатынасын арнап мойнақта Панама арнасы салынды. АҚШ-тың шығыс жағалауы мен батыс жағалауы арасы саяхатын екі еседен де көп қысқартатын бұл арна 1906 мен 1914 жылдар аралығында салынды
Каталог: ld
ld -> 2 Б. Майлиннің өмірі
ld -> Мазмұны Кіріспе 4
ld -> Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды
ld -> 2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
ld -> 5 Қоғамның қалыптасу кезеңдері
ld -> Первичными числами являются: 618, 786, 27, 618
ld -> Окисление и галогенирование действием галогенов и галогенидов: экспериментальное и теоретическое исследование реакций, новые методы синтеза вицинальных ди-, поликарбонильных соединений и арилгалогенидов 02. 00. 03 органическая химия


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет