«7М02313 – Қазақ филологиясы» мамандығы «Қазақ филологиясының жаңа бағыттары» пәні бойынша емтихан сұрақтары №1 блок, 20 сұрақ


Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселелерін айқындаңыз және қорытынды жасаңыз



бет13/13
Дата22.09.2022
өлшемі2.57 Mb.
#461157
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сарбасов Сессия (1) (копия)

Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселелерін айқындаңыз және қорытынды жасаңыз.

  • Әдеби туынды және теориялық поэтика ұғымдарын түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

  • Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегін саралаңыз және қорытынды жасаңыз.

  • Әдебиет және эстетикалық категорияларды түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

  • Көркем әдебиеттің ерекшелігі және әдеби жанрлар туралы түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

    45.Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер; өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құлаы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері.

    Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.


    Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері нақты, затты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебит кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылтып, құлпыртып көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін-бас өнердің бас, «өнер атаулының ең қиыны және күрделілісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, халқымыздың «өнер алды-қызыл тіл» деген қағидасы да соны растайды.


    Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.


    Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген


    Кітап және симфония, сурет немесе, мүсін не туралы деген сұрақтың жауабы бір-ақ: адам туралы, адамның әсемдігі мен асыл қасиеттері туралы адам рухының керемет күші мен қасиеті жайлы… Өнер дүниесінің (туындысының) бәріне ортақ мазмұн-адамның ойы, арманы, құштарлығы, мұраты; өнер туындысының қай түрі болсын, әрқайсысы өз тілінде өмірдегі, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын паш етеді.


    Адам тағдыры-жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді тунадың өзгеше тәсілі.


    Болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстіндегі жанды бейнелеу-тек сөз өнерүінің ғана еншісі. Бейнелеу құралы-тіл. Тіл арқылы сөзбен сурет жасалады, яғнио кез келген көркем шығарманың тілсіз өрілуі мүмкін емес.


    Көркем әдебиеті тілі-әдеби тілдің ауқымында жасалғанымен, ұғымдық аясы одан әлдеқайда кең. Бұл-оның шығармашылық қызметінен, образды бейнелеуші, кейіпкерді мінездеуші сипатынан туындайды. Өзінің осы ерекшелігіне орай көркем әдебиет тілі екінші және басты ерекшелікке-жалпы халықтық тілдің барлық қабаттарын (диалектілерді, жаргондарды, кәсіби сөздерді) керегінде қамтитын синтетикалық тұрпатқа ие болады.


    Көркем әдебиеттің тілі-тіл мәдениетінің, тілдік талғамның ғана тарихы емес, қоғамдық өзгерістердің, әлеуметтік психологияның да тарихы. Өйткені жалпы ұлттық тіл мәдениеті аясында жасалған әр кезең әдебиетінде сол әдебиетті тудырған уақыт ерекшеліктері өзіне тән сөз саптау стилі арқылы таңбаланады.


    Әдебиеттің пәні-адамның өмірі, қоғамдық қарым-қатынастар мен алуан түрлі қоғам өміріндегі құбылыстар, өз мінез-бітімімен дараланып көрінетін жеке адамдардың тағдыры. Әдебит қоғам өміріндегі сан қилы шиеленіс, тартыстарды, қақтығыс пен күресті бейнелейді. Сондай-ақ саяси, экономикалық, моральдық тағы басқа талай мәселелерді қорғайды. Алайда оларды дербес талдап кетпей, адамның тағдырын көрсету, кейіпкердің іс-әркетін, мінез-құлқын ашу қажеттілігіне орай, белгілі мөлшерде баяндайды.


    Жазушы кейіпкерлер өмір сүретін, әркет ететін қоғамдық ортаны, жағдайды нақты бейнелейді, олардың іс-әркетінің, мінез-құлқының белгілі тарихи жағдаймен байланысын айқындап береді. Әдебиет өмірді көрккем образ арқылы бейнелейді, адамның дараланған характерін жасау, жеке оқиға, жағдайларды суреттеу арқылы қоғамдық өмірдегі аса маңызды заңдылықтарды ашып береді.


    Қоғамдық өмірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз-ақ, жоқтың қасы. Алайда әдебиет алдымен адамның тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәселеге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам бейнесінің әдебиетте нақтылы сереттеледі, оқырманға өмірдің өзін көріп отырғандай әсер беріп, шығарманың ой-сана күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді. Әдебиетте қоғам өмірі, тарихи даму пройесі үнемі алға қарай бастайтын тура тартылған жол сияқты болып жатпайды, қайшылығы мол қиын жағдайлар, қақтығыстар, адамдардың тағдыры арқылы көрінеді. Жекелеген жағдайлар, сан түрлі адамның өмір-тағдыры арқылы жазушы қоғамдық заңдылықтардың, әлеуметтік құбылыстардың сырын ашып береді.


    Әдебиет адамның байқағыштық, сезімталдық, көркем ой-қиялдан ләззат ала білу секілді қабілеттерін күшейте түседі, эстетикалық сезімін байытады. Әдебиет адамды биік қоғамдық идеялдар, зор арман-мұратарға жетелейді. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық үшін күресуге жігерлендіреді. Оқырман әдеби шығармадан әлеуметтік мәселелерге жауап-шешім іздейді. Ендеше, көркем әдеби шығарма өзінің үлкен қоғамдқ, тәрбиелік маңыздылығымен де эстетикалық сезімімізге әсер етіп, өмірдегі адамның бойындағы, мінезіндегі, әдемілікті, әсемдікті қалай түсіну керектігін үйретеді.


    А.Байтұрсыновтың «Әдебиеттанытқышы», ең алдымен, сөз өнерінің табиғатын, өнердің басқа түрлерінен айырмашылығын, артықшылығын сөз етеді.


    …Сөзбен сымбаттаудың я кескіндеудің үлгісін көрсету үшін автор Абай өлеңдерінен мысалдар келтіреді. «Әдебиет танытқышта» ауыз әдебиетінің ең шұрайлы, ең бейнелі, мазмұны мен көркемдігі бай үлгілерін пайдаланған. Ағартушы өз айтқандай, «адамның насихатшысы» ретінде қазақ халқының көркем ойлау жүйесіндегі рухани қадір-қасиеттерге, жақсылық пен жамандық тартыстарына, ерлік пен батырлқ істерге, бірлік пен ынтымақ, сұлулық сырларын бейнелеген үлгілерген көбірек көңіл бөлген.


    …ауыз және жазба әдебиеттің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық, әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөледі.


    Әдеби жанрлар (фр. genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.


    Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.


    Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.


    Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде , А.Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын «тәртіптерден» жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.


    Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз – алтын жіп, жыр – кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі» эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы - автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі. Енді ең соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.


    Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан. Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды, өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.


    Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.


    Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.


    Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек. Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі туралы


    Р.Уэллек пен О.Уорреннің тұжырымдамаларында жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза әдеби категориялардың көмегімен классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде жалпы «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды.



    1. Жаңартылған білім бағдарламасындағы өзекті мәселелерді түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

    46.Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан білім беру реформаларының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Осы мақсатқа қол жеткізуде білім беру жүйесін жетілдіру маңызды рөл атқарады. Өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білімді ұрпақ өсіру шарт.
    Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заманауи тенденцияларға негізделген. Өйткені білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болып, оқытудың парадигмасы өзгерді. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
    Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдерімен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Елбасымыз Н.А. Назарбаев «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек», – деп атап көрсеткеніндей, өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын арттыру жолында жұмыла қызмет ету шарт. Осы ретте К. Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» пікірімен санасу өзекті.
    Біліктілікті арттыру жүйесінде заманауи мұғалім өлшемі қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сауалдар туындайды. Бұл білім беру бағдарламасымен және оны жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
    Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әр түрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет құндылықтар мен дағдылар анықталған.
    Білім беру бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» білім беру бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Үйлесімділік білім беру бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе деңгейінде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады.
    Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі – спиральді қағидатпен берілуі. Спиральді қағидат бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегін де қарастырылған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының ерекше сипаттары: оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; әрбір қайталап оқыған сайын оның күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
    Әр пәннің өзінің жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Тілдік мақсаттар академиялық тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың өздерінен қандай нәтиже күтілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, қолдауына көмектеседі. Пән мұғалімдері оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілді дамытуына қолдау көрсетеді.
    Оқушы жетістігін нақты бағалау – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
    Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы бағалау. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты – мектепте оқыту сапасын көтеру. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады. Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау: қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып екіге бөлінеді. Қалыптастырушы бағалау – оқушыларға өз оқуын жақсарту туралы кері байланысты (пікірлер мен ұсыныстар) беру мақсатында үздіксіз жүргізіледі. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі. Оқу бағдарламасының әр бөлімін оқып болғаннан кейін бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі. Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында жылдық бағаға ауыстырылып қойылады.
    Қорыта айтқанда, жаңартылған білім бағдарламасының мәні – баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушыны өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қолдана білуге баулу. Осы міндет ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болулары үшін, оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту жолында мұғалімдер тынымсыз еңбектенуі керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.

    1. Жоғары оқу орындарында пәнді оқытудың әдістер жүйесін саралаңыз және қортынды жасаңыз.

    47.Қазіргі таңда еліміздің халықаралық білім беру кеңістігіне кіруі жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде жоғары білім беру жүйесін реформалаудың түйінді бағыттарын нақтылауды қажет етіп отыр. Тез өзгеретін технологиялар заманында оның басты ұстанымы: өмір бойы білім алу, адамның сапалы кәсіби және ғылыми дайындығы, өз бетінше іздене білуі және өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілігі. Жоғары педагогикалық білім берудің қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселесі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандарды даярлау. Бұл жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігінің тәжірибелерінн игеру арқылы ғана жүзеге асатындығы белгілі. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту деп көрсетілген [1].
    Жастардың сапалы білім алып, білікті маман болып қалыптасуы, әрине, дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесімен тікелей байланысты. Білім беру барысында педагогтың оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын орынды қолдана білуі нәтижесінде ғана қоғамымызда болашағынан мол үміт күттірер білімді де білікті, кәсіби шеберлігі қалыптасқан тұлғалар пайда болады.
    Білім берудің теориясы мен практикасында көптеген формалар жинақталған. Форма (лат. «forma» - сыртқы бейнесі, сыртқы көрінісі) – бұл белгілі бір мазмұнның сыртқы бейнеленуі. Оқытуды ұйымдастыру формалары түсінігіне берілген анықтамалар да түрліше болып келеді. Атап айтсақ:
    Педагогикалық сөздікте: «Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз – оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру»;
    Ресей педагогы И. М. Чередов бойынша: «Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз – педагогикалық іс-әрекетте белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің бір-бірімен өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік қарам-қатынасы»;
    Г. Усмановтың «Педагогика» атты оқулығында: «Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу әрекетіне қолайлы жағдай жасау үшін арнайы ұйымдастырылған белгілі бір тәртіппен өтілетін жұмыс» деп қарастырылады [2].
    Сонымен, оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және мезгілде жүзеге асырылатын оқытушы мен білім алушылардың бірлескен іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Ал педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары дегеніміз – мазмұн, әдіс-тәсілдер, құралдар, білім алушылар мен педагогтың іс-әрекет түрлері сипатымен байланысты болатын оқу үрдісінің ерекше құрылымы.
    Жоғары білім беру мекемелерінде оқу үдерісін ұйымдастыру жоғары оқу орындарының іс-әрекетін ұйымдастырудың типтік ережелері мен жалпыға міндетті білім беру стандарттарына негізделіп жасалады және мамандықтың оқу жоспарымен, сабақ кестесімен реттеледі. ЖОО-да сабақтар аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді.
    Педагогиканы оқытуды ұйымдастырудың аудиториялық формаларына дәрістер, семинарлар, зертханалық сабақтар жатады.
    Дәріс (лат. «lection» - оқу) – педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Оның дидактикалық мақсаты білім алушылардың оқу материалын терең меңгеруі үшін бағыт беретін негізді қалыптастыру болып табылады. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметтеріне ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық, эмоционалды-ынталандырушылық қызметтері жатады.
    Ø Ақпараттық қызмет ғылымда өз шешімін тапқан немесе әлі де шешіліп жатқан жекелеген даулы мәселелермен, сондай-ақ педагогикалық ғылымдардың соңғы жетістіктерімен таныстырады.
    Ø Бағыт-бағдарлық қызмет студенттерге дәріс кезінде берілген ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының мол таңдауымен танысуға көмек ретінде беріледі, олар әдебиеттермен танысу арқылы оқу материалын игеру үдерісін жеңілдете түседі.
    Ø Түсіндірушілік қызмет студенттердің ұғымдар мен түсініктердің ғылыми түсінігін дәлме-дәл түрде меңгеруіне бағытталған.
    Ø Жүйелеушілік қызмет дәріс барысында берілетін жинақталған түрдегі жаңа білімді береді.
    Ø Дамытушылық қызмет студенттердің ойлау іс-әрекетін ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын дамыта түседі.
    Ø Эмоционалды-ынталандырушылық қызмет студенттердің оқылатын материалға, тақырыпқа деген қызығушылықтарын қалыптастырумен байланысты.
    Дәрістің артықшылығы:
    1. білім алушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынас жасауы, шығармашылықпен айналысу, эмоционалдық өзара әрекеттесу;
    2. білім негіздерін жалпы түрде алудың ең үнемді тәсілі;
    3. дұрыс ұғынылып, мұқият тыңдалған жағдайда студенттің ақыл-ой әрекетін белсендендіреді.
    Сондықтан дәріс оқушының мақсаты – студенттердің белсенді зейінін дамыту, оларда ой қозғалысын тудыру. Дәрістің осындай артықшылықтарымен қатар, оның кейбір дидактикалық кемшіліктерін де атап өткен жөн.
    1. монологтылығы;
    2. оқу материалын игеру деңгейін жедел түрде бақылауды жүзеге асыру мүмкін еместігі;
    3. жекелеген амалды іске асыру мүмкіндігінің шектеулі болуы.
    Осындай кемшіліктерді жою үшін оқытушылар дәріс берудің жаңа жолдарын қарастыруда. Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру барысында дәрістердің мынадай типтерін қолдануға болады:
    Нұсқау беру дәрісі – оқу материалын меңгеруге қатысты негізгі ережелермен танысу, білім алушылардың курс (бөлім, тақырып) бойынша күрделі тақырыптар мен сұрақтарға назарларын аудару.
    Кіріспе дәріс – студенттердің аталған курс жұмысының жүйесіне назарларын бағыттайтын оқу пәніне байланысты ең алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
    Ақпарат дәрісі (дәстүрлі) – ғылыми ақпаратты студенттерге баяндау және түсіндіру.
    Проблемалық дәріс – студенттердің танымдық іс-әрекеттерін , шығармашылық қабілеттерін проблемалық сұрақтар, проблемалық міндеттер қою немесе проблемалық жағдаяттар туғызу арқылы дамыту.
    Жалпылау дәрісі – студенттерді төмен танымдық деңгейден жоғары деңгейге ауыстыру, оқу материалын меңгерудің тереңдігі мен сипатын анықтау.
    Шолу дәрісі – ғылыми білімді жүйелеу, теориялық ережелерді құру.
    Визуалды (көру) дәрісі – вербальды-визуалды түрде оқу материалдарын техникалық құралдар немесе аудиобейне техника көмегімен беру.
    Бинарлы дәріс – оқу материалын жүйелі, әр аспектіде пәнаралық байланыс тұрғысынан беру.
    Алдын-ала жоспарланған қателерімен дәріс – оқу материалының мазмұнына алдын-ала енгізілген қателерді студенттер міндетті дәріс барысында белгілеп алып, дәріс соңында атап көрсету.
    Пресс-конференция дәрісі – курстың белгілі бір тақырыбына байланысты студенттердің құрастырған сұрақтарын мазмұнына байланысты топтастыра отырып дәрәс оқу. Материалды беру тек сұрақтарға жауап беруден тұрмайды, өзара байланысқан тақырыпты ашатын толық дәріс үлгісінде боладды. Дәріс соңында оқытушы студенттер білімінің көрінісі ретінде сұрақтарды бағалайды [3].
    Дәріс сабақтарынан кейін кең тараған оқу сабағы – семинар. Семинар (лат. «seminarium» - көшет, егу) – студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формасы. Ол бекітуге арналған, сонымен қатар өз бетімен алған білімдерді тексеру мен бағалау тәсілі. Семинар сабақтарының басты мақсаты – білім алушыларға зерттелетін саланың ерекшеліктеріне сәйкес теориялық білімді қолданудың іскерлігі мен дағдыларын меңгеру мүмкіндігін беру. Оқытушы семинар барысында білімді қайталау және бекіту, бақылау, педагогикалық қарым-қатынас орнату сияқты міндеттерді шешеді.
    Кез-келген семинар сабағына мынадай ерекшеліктер тән:
    Ø студенттердің семинарға даярлық кезінде оқу проблемаларын өз бетімен шеше алу жолдарын іздестіруі;
    Ø сұрақты өз бетімен меңгеру мүмкіндігі;
    Ø сұрақтар мен проблемаларды қарастырудағы жеке жұмыстар;
    Ø педагогтың бағыт берушілік, түзетушілік көмегі.
    Семинарлар негізінен үш бағытта қолданылады:
    1. Белгілі бір курсты терең зерттеу мақсатында өткізілетін семинар.
    2. Курстың маңызды тақырыптарын не бір күрделі әдіснамалық сипаттағы тақырыпты жан-жақты өңдеу үшін өткізілетін семинар.
    3. Ғылымның жеке проблемаларын терең зерттеу мақсатында нақты тақырып бойынша зерттеушілік типіндегі семинар.
    Семинар сабақтарының төмендегідей типтері бар:
    Ø тақырыптық курсты меңгеру мақсатындағы семинар;
    Ø курс сұрақтарын толық өңдеуге арналған семинар;
    Ø ғылымның жекелеген салалары бойынша зерттеу семинары.
    Семинар сабақтарының дәстүрлі ұйымдастырылуының формалары:
    Топтық форма. Оқытушы тұтас топпен әрекеттеседі, қарым-қатынастың топтық тәсілін сақтайды. Семинарды ұйымдастырудың мұндай формасы білім алушыларды енжар позицияға қояды, олардың сөйлеу белсенділігі барынша төмен дәрежеде болады. Осылайша, сабақтағы топтық оқыту формасы ұжымда, өндірісте адамдар қарым-қатынасының тиімді моделіне жатпайды, бүгінгі таңда мамандарды даярлау қажеттігін қанағаттандырмайды.
    Дөңгелек үстел. Мұнда ынтымақтастықпен жұмыс жасау және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияны иеленеді.
    Пікірталас-семинар. Бұл форма курстың теориялық және практикалық проблемалары біріккен жұмыс арқылы талқыланып, шешілетін қатысушылардың диалогтық қарым-қатынасын білдіреді. Нәтижелі пікірталас болуы үшін білім алушылардың дәріс және өздік жұмысы барысында жинақталған жеке білімі қажет.
    Зерттеу семинары. Әдетте арнайы курстың оқылуы барысында пайдаланылады. Мұнда білім алушылар оқытушының ұсынысымен шағын топ құрап, сабақтың тақырыбы бойынша проблемалық сұрақтар тізімін жасайды. 5-15минут ішінде білім алушылар пікір алмасады, сөз сөйлеуге даярланады.
    Педагогиканы оқытуды ұйымдастырудың аудиториялық формаларының тағы бір түрі – зертханалық сабақтар. Бұл оқу пәні бойынша шағын зерттеулер жүргізілетін оқытуды ұйымдастырудың формасы. Зертханалық жұмыстар келесідей қызмет түрлерін атқарады:
    Ø теориялық курста алған білімін эксперимент арқылы бекіту;
    Ø ғылыми зерттеулер, бақылаулар жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге байланысты алғашқы дағдыларын қалыптастыру;
    Ø ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.
    Осылайша, педагогика бойынша аудиториялық сабақтар түрлі формада өтуі мүмкін және қатал түрде әдістемелік нұсқауларға сай ұйымдастырылады. Енді, педагогиканы оқытудағы аудиториядан тыс сабақтарға келетін болсақ, ол, әрине, студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) болып табылады.
    Педагогикалық әдебиеттерде өзіндік оқу жұмысы оқытуды ұйымдастыру формасы және оқытушының әдістемелік жетекшілігімен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз орындалатын студенттердің жоспарланған жұмысы ретінде қаралады. Педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқан студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары олардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттырып, тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған істі соңына жеткізуге тәрбиелейді.
    Қазіргі уақытта ЖОО-да өздік жұмыстың бірнеше түрлері бар:
    Дәстүрлі өздік жұмыс. Студенттің өзіне ыңғайлы уақытта, әдетте, аудиториядан тыс кезеңде, қажет болған жағдайда шеберханада немесе зертханада өз бетімен орындалатын кәдімгі студенттің өзіндік жұмысы.
    Оқытушы бақылауымен жүргізілетін өзіндік жұмыс. Мұнда студент оқытушыдан кеңес ала алады, яғни кеңес беру өздік жұмысы.
    Аралық өздік жұмыс. Бұл студенттерден көбірек өзбеттілікті , тапсырмалардың неғұрлым жекелендірілуін, кеңес беру пункттерінің болуын талап етеді және кеңестер мен бақылаулар сипатына, тапсырмалардың мазмұнына байланысты енгізілетін психологиялық-педагогикалық жаңалықтармен ерекшеленеді.
    Өздік жұмыс студент әрекетінде қайта өндіру және шығармашылық үрдістерді қажет етеді. Осыған сәйкес студенттің өзіндік жұмысының үш деңгейін ажыратады:
    1. Репродуктивті деңгей. Мақсаты – білімді бекіту, іскерлік дағдыларды қалыптастыру. Жаттығу өзіндік жұмыстары есеп шығару, кесте толтыру, сызба және т.б. үлгі бойынша орындалады.
    2. Реконструктивті деңгей. Бұл деңгейде рефераттар орындалады. Жоспар құру, тезистер, аннотация жазу сынды тапсырмалар беріледі.
    3. Шығармашылық (ізденіс) деңгей. Мұндағы тапсырмалар проблемалық ситуацияны, жаңа ақпарат алуды талдауды қажет етеді. Студент мәселені шешу құралдары мен әдістерін өзі дербес таңдауы тиіс [4].
    Оқытушы педагогиканы оқыту барысында қолданылған аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтартың нәтижелелігі студенттер бойында өз бетімен жұмыс істей алу іс-әрекетінің қалыптасу тәжірибесіне байланысты екендігін білуі керек. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуді дамыту проблемасы, оқу және ғылым іс-әрекетіндегі білімдерін арттыруы, толықтыруы, проблемалық жағдаяттан шығу жолдарын ойлап табуы педагог іс-әрекетінің басты мәселесі болып табылады.

    1. Дамыта оқыту технологиясын саралаңыз және қорытынды жасаңыз.

    48.
    Дамыта оқыту бүгінгі күнде өзекті мәселердің бірі болып отыр. Өйткені, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарының төмендеуі, оқуға деген құлықсыздығы және таным қызығушылықтарының даму деңгейінің төмендігі. Педагог өзіндік жұмысқа кіріскен кезде, жетістікке жету үшін тек білім мен қабілет жеткіліксіз екенін жылдам анықтайды. Дамыта оқытудың әдіснамасы – бұл сапалы жаңа білімнің жүйесі, ол консервативті педагогикалық сана мен білімнің, негізгі жаттап алу, репродуктивтімен ешқандай ортақтығы жоқ, оқу әрекетінің түбегейлі керісінше қалыптасуын ұсынады.
    Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету.
    Көптеген жаңа әдістемелердің қатарында дамыта оқыту білім сапасын көтеру жағынан жетекші орында.
    Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі. Белсенді оқыту дидактикалық процестің ұйымдастырылуы әдісінен дамытушы, проблемалық, зерттеушілік ізденіске ауысуымен белгілі, оқытудағы шығармашылық үшін жағдай туғызады, таным процесін белсендіреді.
    М.Новиков белсенді оқытудың мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:
    1) ойлау белсенділігін арттыру. Мұнда тәрбиеленуші өзінің тілегіне тәуелсіз белсенді болуы керек;
    2) оқуға қызықтыру уақыты айтарлықтай ұзақ болуы;
    3) өзіндік шығармашылық шешімдер қабылдау, оқушылардың сезімдік және мотивациялық жоғары деңгейі.
    Белсенді оқыту әдісі – бұл оқу материалын меңгеру процесінде белсенді ойлау және тәжірибелік әрекетке оқушыларды ынталандыратын әдіс. Белсенді оқыту, ең бастысы мұғалімдердің дайын білімдерін олардың жаттап алуы және қайта айтып беруінің мазмұнынан емес, ал белсенді тәжірибелік әрекеті және ойлау әрекеті процесінде оқушылардың қабілеті мен білімдерін өзіндік меңгеруі сияқты әдістер жүйесін ұсынады.
    Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері тәжірибелік және ойлау әрекеттерін тудыруға бағдарлануында. Белсенді әдістердің көрінуі және дамуы оқытудың алдына жаңа міндеттер қойылғанымен сәйкестеледі: оқушыларға тек қана білім бермей, сонымен қатар танымдық қызығушылықтарын дамыту және шығармашылық ойлауын жетілдіру танымдық белсенділік және танымдық өзіндік сапа оқуға деген оқушылардың дара қабілеттерін көрсетеді.
    Бүгінгі күнде дамыта оқытудың бірнеше теориялары анықталып, жүзеге асуда. Онда балаға қоршаған ортамен ара қатынаста болатын өзіндік субъектінің рөлі тағайындалады. Оның бәрі нақты зерттеуді қажет етеді. Мұғалім өзінің сабақты ұйымдастыруға деген қатынасын өзгертіп, меңгерілетін технологияға толықтай енуі қажет, тек қана дамыта оқытудың принципін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге оқу процесінде оны шығармашылық түрде қолданылуы керек. Технология бір-бірімен байланысты мынадай принциптерден тұрады:
    Комплексті даму жүйесі негізінде мақсатты бағытталған даму.
    Мазмұнның мақсаттылығы және жүйелілігі.
    Жоғарғы деңгейдегі қиындықта оқу.
    Теориялық білімнің жетекші рөлі.
    Материалды жылдам меңгеру.
    Оқу процесінің өзін оқушының мойындауы.
    Жаппай дамытуды көздейтін жүйелі жұмыс.
    Оқыту мазмұнының маңыздылығы және мәселелігі.
    Дамыта оқыту технологиясымен жұмыс істей алу үшін мұғалімге не қажет? Бұл технолгияның өзі дамушы білім беру кеңістігіндегі арнайы ұйымдастыруды ұсынады. Әдіскердің міндеті әр түрлі бағыттарды меңгеру үшін жағдайлар құру, әдіснамалық әдебиеттердің көп түрлілігіне педагогтарды бейімдеу. Дамыта оқыту жүйесін меңгеруде арнайы тәжірибелер бар мұғалімдерге жиі туындайтын бірталай мәселелер қатары берілген:
    Көптеген сұрақтарда жоғары білімділік таныту үшін, мұғалімдерге білім көлемі жеткіліксіз, өйткені сабақ шеңберінен шығу байқалады: материалдың көптігі, оның жан-жақтылығы, пәнаралық байланысы.
    Дамыта оқытуға сай, мұғалім жұмыс жағдайын құра алмайды. Сабақ мазмұнындағы тапсырмалардың құнды мүмкіндіктерін көрмейді, шындықты анықтауға, талқылауға сыныпты жұмылдырмайды.
    Сабақтың кіріспе бөлімі жиі бұзылады, өйткені оқу мазмұнының мағынасы толық мойындалмаған, оқушылардың өзінің мүмкіндіктерін көрсетіп, ашыла алатын сезім ортасына шығу жоқ.
    Мұғалімдер оқулықтарға, бағдарламаларға сенбей көбінде өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сеніп, жұмыс стилін өзгертіп, дәстүрлі әдісті енгізеді де жаңа жүйе бойынша жұмыстың ерекшелігін мойындамайды.
    Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту (С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы окыту (В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы.
    Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттенуі әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
    Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
    Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқыту үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде көрінеді.
    Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы ұлттық мектеп белгілі білім мен дағдылар жиынтығын меңгерген азаматтар ғана емес, ұлттық дүниетаным негізінде өз көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік белсенділігі жоғары, отаншыл, қандай ұлтпен болса да тең дәрежеде қатар тұратын тұлғаларды тәрбиелеп өсіруге бағытталған.

    1. Сын тұрғысынан ойлау әдісін сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз.

    50. Педагогикалық білім берудегі озық технологияларды сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз.
    51. Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті тереңдетіп оқыту» еңбегін қарастырыңыз және қорытынды жасаңыз.
    52. Жоғары мектепте көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдарын қарастырыңыз және қорытынды жасаңыз.
    53. Әдебиетті оқытудағы интербелсенді әдістерді негіздеңіз және қорытынды жасаңыз.
    54. Деңгейлік оқыту технологиясын қарастырыңыз және қорытынды жасаңыз.
    55. Кәсіби біліктілікті қалыптастырудың түрлерін саралаңыз және қорытынды жасаңыз.
    56. Жоғары оқу орындарында әдебиетті оқытудың әдістемелік-тоериялық негіздерін қарастырыңыз және қорытынды жасаңыз.
    57. Кәсіби және пәндік құзіреттіліктердің ерекшелігін айқындаңыз және қорытынды жасаңыз.
    58. Жоғары оқу орындарында жаңартылған білім бағдарламасының маңыздылығын түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.
    59. Фольклортану мен әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мәселелерді саралаңыз және қорытынды жасаңыз.
    60. Педагогикалық білім берудегі АКТ сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз.


    Пән оқытушысы: ф.ғ.к.,профессор м.а. Сарбасов Б.С.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет