«7М02313 – Қазақ филологиясы» мамандығы «Қазақ филологиясының жаңа бағыттары» пәні бойынша емтихан сұрақтары №1 блок, 20 сұрақ


Әдеби когнитология бағытын түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз



бет5/13
Дата22.09.2022
өлшемі2.57 Mb.
#461157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сарбасов Сессия (1) (копия)

Әдеби когнитология бағытын түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

  • Әдеби когнитологиялық талдау амалдарын айқындаңыз және қорытынды жасаңыз. (екі сұраққа жауап 23-24)

    Когнитология (когнитивтік ғылым) (латcognitio — таным + грек. logos — ілім) — таным теориясын, когнитивтік психологияны, нейрофизиологияны, когнитивтік лингвистика мен жасанды интеллект теориясын біріктіретін пәнаралық ғылыми бағыт.
    Когнитологияда жасанды интеллект теориясынан алынған компьютерлік модельдер психология мен жоғары жүйке қызметі физиологиясынан алынған эксперименталды әдістер адам миының жұмысы жөніндегі дәл ілімдерді дайындау (жасау) үшін бірге қолданылады.
    Когнитологияның пайда болуына ноосфера жөніндегі ілім себеп болған деп есептеледі. Когнитологияның қалыптасуына мүмкіндік туғызған негізгі техникалық жетістігі миды сканерлеудің/тексерудің жаңа әдістері болатын. Томография және басқа да әдістер алғаш рет адам миына іш жағынан үңілуге, оның жұмысына назар аударып, қандай тетіктер арқылы әрекет ететінін анықтауға тікелей жол ашты. Бұрынғыдан едәуір жетілдірілген аса қуатты компьютерлер де үлкен роль атқарды.
    Когнитологияның қазіргі кездегі қарқынды дамуына қарап, жуық арада «ақыл-ес құпиясын» ашуға да аз уақыт қалған сияқты деп пайымдайды ғалымдар. Яғни бұл адамның жоғары жүйке қызметіне жауапты, оны реттеп отыратын мидағы процестерді сипаттауға және түсіндіруге мүмкіндік туады дееген сөз. Бұл, өз кезегінде, күшті жасанды интеллект жүйесін жасауға негіз болады деп болжайды ғалымдар. Сондай-ақол жүйеге өз бетімен оқу-үйрену, шығармашылық, адаммен еркін сөйлесу сияқты қасиеттер тән болмақ.
    Когнитологияның негізгі құрамдас бөліктері:
    жасанды интеллект;
    когнитивтік психология;
    когнитивтік лингвистика;
    когнитивтік этология;
    математикалық логика;
    неврология;
    нейробиология;
    нейрофизиология;
    Сана философиясы;
    Когнитология —білімдер жөніндегі ғылым; адамның білімдерді алу, өңдеу, сақтау және қолдану әдістері мен тәсілдерінің жүйесі.[1]
    Когнитология — таным процесін зерттейтін ілім.[2]
    · Когнитология — қоғамның жиынтық интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру және қолдану заңдылықтары жөніндегі ғылым.[3]
    Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде Қ.Ә.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясын атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарстырылған [8]. Профессор Ж.Манкеева да М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына тоқталып, аталмыш ғылымның маңыздылығын айрықша атап өтеді [9].
    Когнитивтік бағытта Г.Гиздатовтың «Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. 
    Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық, т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тәсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Когнитивтік лингвистика ғылымы тек лингвистика мен когнитология ғылымының байланысынан ғана емес, логика, философия, психология, физиология секілді күрделі ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Ғалымдардың пікірінше, әлемдік тіл білімінде әлем бейнесін когнитивтік тәсілдердің көмегімен зерттеудің мүмкіндігі мол екендігі айтылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет