Қазақ әдебиеті теориясының қалыптасуына А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, А.Нұрқатов, Т.Нұртазин,
Б.Шалабаев, Ә.Тәжiбаев, Б.Наурызбаев, М.Дүйсенов, Ә.Шәрiпов, З.Қабдолов, Ә.Нарымбетов, З.Ахметов зор үлес қосты. Қазiргi әдеби процесс мәселелерін, жеке қаламгерлер шығармашылығын, жанр, стиль, әдеби әдіс проблемаларын терең талдауға арналған Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев,
М.Базарбаев, Р.Бердiбаев, Т.Кәкiшев, Б.Ыбырайым, Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев, А.Жақсылықов, А.Iсiмақова, Т.Есембеков, Г.Пірәлиева сынды ғалымдардың еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымын жаңа бір белеске көтерді.
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» қазақ әдебиеттануындағы алғашқы әдебиет теориясы оқулығы болса да, ғалым теориялық толғамдарды ұлттық танымға сүйене отырып талдады. Уақыттың өзі дәлелдеп бергеніндей, «Әдебиет танытқыш» еңбегі әлемдік теориялық ойдың биігінен көрінеді. Ал
Е.Ысмайыловтың «Әдебиет теориясының негіздері», Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» еңбектері жас ұрпақты сөз өнерінің ерекшеліктерімен сусындатып, әдебиет туралы таным-түсінікті қалыптастыруға үлкен үлес қосты
Ұлттық әдебиет теориясы ғылымының қалыптасу тарихын айқындаңыз және қорытынды жасаңыз. (А.Байтұрсынұлынан бастап жазасың. 37-сұрақпен бірдей)
Әдебиет сүйер қауымның эстетикалық талғамын тәрбиелеуде З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты зерттеу кітабының атқарған ролі зор. Ұзақ жылдар бойы студенттердің қолынан түспей жүрген кітапта әдебиеттің теориялық мәселелері қасаң қағида түрінде ұсынылмай, суреткердің шеберлік мәселесімен, әдеби шығармашылық психологиясымен сабақтастықта қарастырылған.
Сонымен бірге бұл зерттеудің шығармашылық өнердің қыр-сыры, нәзік иірімдері мен құпия қалтарысы туралы сыр толғайды, теориялық мәселелерді қазақ әдебиетінің мысалдары негізінде терең талдайды. Кітап «Әдебиеттануға кіріспе» пәнін оқытудың жақсы дәстүрін қалыптастыруға мұрындық болды.
Достарыңызбен бөлісу: |