«7М02313 – Қазақ филологиясы» мамандығы «Қазақ филологиясының жаңа бағыттары» пәні бойынша емтихан сұрақтары №1 блок, 20 сұрақ



бет3/13
Дата22.09.2022
өлшемі2.57 Mb.
#461157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сарбасов Сессия (1) (копия)

Компаравистердің осал жері – ұқсас сюжет, оқиға, характерлерді схема түрінде қарап, нақтылы тарихи жағдайды, әдебиеттің ұлттық, халықтық сипатына толық ескеру жағына мән бермейді. Әдебиетті басқа халықтардың әдебиетімен салыстыра зерттеу сөзсіз қажет және пайдалы, дегенмен көркем шығарманы – сюжет пен характердің әр түрлі ортада тарихи кезеңде қайталанып отыруы деп қана есептейтін компаративистер пікірі қисынға келмейді.



  1. Компаративистикалық бағыттың қалыптасуы, өзіндік ерекшелігін айқындаңыз және қорытынды жасаңыз. 17-мен бірдей

  2. Философиялық-эстетикалық әдебиеттануды түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

Ұлттық эстетиканың ерте кезеңі халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының әсемдік пен сұлулық аясындағы ойлары ұлттық көркемөнерде, фольклорда: тұрмыс-салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тыныстіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік тән. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы ерте дәуірлердегі қазақ даласындағы Андрон, Беғазы-Дәндібай көне мәдениеттерінде жатыр. Беғазы-Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне табынған, күнделікті тұрмыс-тіршілікпен байланысты жануарлар мен жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына тұрғызып қойған.
ҮІ-ІХ ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштері ежелгі дәуір әдебиетіне жатады. Орхон ескерткіштерінде халықтық жыр дәстүрінің негізі қаланды. Білге Қаған, Күлтегін батыр, Тоныкөк жырау сияқты кейіпкерлердің ерлік істері образдық дәрежеде суреттелді. Түркі әдеби-эстетикалық ойының ұзақ тарихына қатысты жәдігерлер, түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштері (VII ғ.), «Қорқыт» (VIII ғ.) және «Оғыз-нама» (IX ғ.). әдеби мұралары ежелгі дәуірдегі әдебиетті қамтыды. Оны Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) Аталған ғұламалар түркі әлеміне ғана емес, дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосты. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) «Кодекс куманикус», «Махаббатнама», «ЖүсіпЗылиха», «Гүлстан», «Домбауыл», т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.
Түркі әлеміндегі әдебиет туралы пайымдаулар орта ғасырлардан басталады. Осы ретте ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы - Отырарда дүниеге келген ұлы ойшыл, гуманист әлФарабидің әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейін екінші ұстаз атануы – ғажайып құбылыс. «Ол - ислам мәдениетінің алтын ғасырындағы ұлы тұлғалардың бірі». Әл-Фарабидің жүзден аса трактаттары бар екенін ғалымдар мойындап отыр. Оның ішінде «Музыканың үлкен кітабы», «Ақылдың міні туралы трактат», «Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Ырғақтарды топ-топқа бөлу», «Логика», «Өлең өнері туралы» т.б. еңбектері – дүниежүзілік эстетикаға қосылған үлкен үлес.
ХҮ ғасырда қазақ халқы жеке мемлекет ретінде қалыптасқан кезеңнен бастап ұлттық сөз өнері жаңа биікке көтерілді. Жыраулар поэзиясындағы ең басты тақырып Қазақ хандығын құраған ру мен тайпалардың татулығы мен бірлігі және мемлекетті нығайту, оның жауынгерлік күшін арттыру болды. Жыраулар жаңа құрылған мемлекетті күшейту мен қорғау ісіне атсалысып, ел ішіндегі түрлі деңгейдегі мәселелерді шешіп отырды. Асан қайғы, Сыпыра, Қазтуған, Доспамбет, Шалгез, Жиенбет, Марғасқа, Ақтанберді, Бұхар, Үмбетай, Шал, т.б. ақындар ежелгі әдебиетімізден жүлге тартқан дәстүрді сақтай отырып, оны өз дәуірінің талап-тілектеріне орай әдебиетімізді тақырыптық, мазмұндық, түрлік тұрғыдан жетілдіріп, байытты.
Ш.Уәлиханов қазақ халқы «көркемдіктен кенде емес, өсімтал әдебиетке ие» екенін атап өтіп, оның ауызекі мәдени үлгілеріне алғашқы ғылыми талдау берді. Ы.Алтынсариннің эстетикалық көзқарастары оның сан қырлы педагогикалық қызметімен байланысты. Абай Құнанбаевтың эстетикалық ойлары жазба әдебиетіміз бен рухани мәдениетіміздің 19 ғасырдағы тарихи шындығы аясында дамыды. Ол қазақ әдебиетінде тұңғыш рет табиғат пен адамның сұлулығын нақтылап айқындады. Абайдың қарасөздерінде көрініс тапқан эстетикалық көзқарастар қазақтың көркем мәдениетін жаңа деңгейге көтерді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет