8 – дәріс. Білім беру-жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде. Жоспары



бет5/6
Дата01.03.2024
өлшемі44.72 Kb.
#493905
1   2   3   4   5   6
8 дәріс

21 слайд. Зерттеушілер әдіснамалық білім – бұл білім туралы білім, таным туралы білім және белгілі бір обьектіні өзгерту туралы білім деп тұжырымдайды.
Әдіснамалық білім - бұл педагогикалық практиканы үйренудің тәсілдері, эмпирикалық мәліметтер жиынтығы, эмпирикалық мәліметтерден теориялық қорытындылауға дейінгі тәсілдері, теорияны құру, теориялық қағидаларды нақты әдістемелік нұсқау тіліне аудару, сәйкес нұсқаулықты тәжірибеде қолдану әдістері туралы білім.
22 слайд. Әдіснамалық білім тізімінде келесі түсініктер қатысты : «педагогика әдіснамасы», «педагогика әдіснамасының құрылымы», «педагогика әдіснамасының қызметтері», «педагогика әдіснамасының түрлері», «педагогика әдіснамасының деңгейлері», «педагогика әдіснамасының пәні», «педагогика әдіснамасының деңгейлері», «әдіснамалық зерттеу», «әдіснамасылық қамтамасыз ету», «әдіснамалық неіздеу», «әдіснамалық рефлексия», «әдіснамалық аппарат», «әдіснамалық мәдениет», «әдіснамалық білім», «әдіснамалық мәселе», «әдіснамалық бағдар», «әдіснамалық әдіс», «әдіснамалық қағидалар» және т.б.
23 слайд. Жалпы, ғылыми білімдер, белгілі бір ғылым жүйесінде теория құрамына кіре отырып, ғылыми білімнің жоғары деңгейін қалыптастыратын фактілердің мәнін ашумен сипатталады.
Әдіснамалық және педагогикалық әдебиеттің талдауы кем дегенде, педагогика саласындағы жаңа әдіснамалық білімнің қалыптасуының бірнеше көздерінің барын ескеруге мүмкіндік береді.
Алғашқы ақпарат көзі – бұл ізденіс барысында түрлі ғылыми мәселелер қойылып, шешілетін педагогтардың ғылыми–зерттеушілік іскерлігі.
Педагогика саласындағы жаңа әдіснамалық білімнің пайда болуының екінші ақпарат көзі – теориялық-әдіснамалық мәселелер шеңберіндегі ғылыми зерттеушілік қызмет.
24 слайд. Әдіснамалық білімнің қалыптасуының үшінші ақпарат көзі – бұл ғалымдардың педагогика ғылымы шеңберіндегі ғылыми зерттеудің жалпы негіздерін қалыптастыру жұмысы болып табылады.
Аталған жұмыс педагогтардың ғылыми -зерттеушілік әрекетінің теориясын жасау арқылы әдіснамалық білім алуға бағытталған. Әдіснамалық білімнің қалыптасуының педагогикаға қатысты төртінші ақпарат көзі –ең алдымен педагогиканың ғылым ретіндегі пәні мен нысанасы, мақсаттары мен қызметтері, әдістері мен логикалық құрылымын дамытуға бағытталған ғылыми-зерттеушілік жұмыс.
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет