8- слайд. Рухани-адамгершілік білім беру
– білім мазмұнына тәлімгерлердің жоғары рухани-адамгершілік болмысын ашуға және толық адам болып қалыптасуына ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы оларды белсенді оқу-танымдық әрекетке ынталандыруды және оны ұйымдастыруды, сол сияқты ойы, сөзі және ісі бір жерден шығатын кемел мінезді адам тәрбиелеуді мақсат ететін педагогикалық үдеріс.
9 слайд. Мәселен, 2020 оқу жылына арналған ӘП және Өзін-Өзі тану мамандығының PhD докторларын даярлау бойынша жасалған оқу бағдарламасының мақсаты- Ғылыми-педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін әдіснамалық және зерттеу құзіреттілігін игерген, жеке тұлға мен қоғамның әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекеттесу үдерісінде білім мен ғылымның тұжырымдамалық ережелерін жүзеге асырудың заманауи инновациялық тәсілдерін көрсетуге қабілетті жаңа формациядағы PhD докторларын даярлау.
10- слайд. ӘП ж ӨӨТ 2020жылғы білім беру бағдарламасынындағы айқындалған ЖКҚ. Жалпы кәсіби құзіреттіліктер:
1. Зерттеушілік
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласындағы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында әлеуметтік-педагогикалық процестерді модельдеу және болжау мүмкіндігі
2.Кәсіби құзіреттіліктері
А). Ғылыми-педагогикалық
Әлемдік ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметке интеграциялау қабілеті.
КҚ3
Б).Әлеуметтік-педагогикалық
«Ғылым - практика - өндіріс» триадасының интеграциясын жүзеге асыру қабілеті
Олай болса, педагогиканың философиясы және әдіснамасы пәнінде Педагогиканың әдіснамалық білімдерінің мазмұнымен танысу арқылы білім берудің жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі мәніне көз жеткізуге болады.
. 11 слайд. Педагогика саласында ғылым мен тәжірибенің алға қарай дамуын әдіснамалық жағынан қамтамасыз етуді сапалы басқару үшін ең алдымен әдіснамалық білімінің мазмұнын қайта қарау қажет. Мұнда әдіснамалық білім педагогиканың әдіснамасының құрлымын кеңейтіп, тәрбие мен білім, ғылым мен тәжірибенің қайта құрылуына мүмкіндік тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |