8-сынып. 1-вариант



бет2/9
Дата06.03.2023
өлшемі97.1 Kb.
#470475
1   2   3   4   5   6   7   8   9
тест 8-9-10-11

2-вариант
1)XVIIIғ.қазақ жерлерін қалпына келтіріп, билік жүргізген хан
А) Әбілқайыр В) Сәмеке С) Уәли D) Абылай Е) Әбілмәмбет
2)Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс
А) Хан билігін шектеулі етті В) Хан би кеңесі шешімімен келісетін болды
С) Билер кеңесін енгізілді D) Хан билігі шексіз болды Е) Құрылтай жиналысын шақырды
3)Абылайдың атасы «Қанішер» Абылай билік құрған қала
А) Ташкент В) Түркістан С) Бұхар D) Созақ Е) Самарқан
4)Қытайлар қазақ шекарасына осы ханның тұсында басып кірді
А) Тәуке ханның В) Абылайдың С) Әбілхайыр D) Қайып Е) Әбілмәмбет
5)Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы
А) 1740ж В) 1745ж С) 1757ж D) 1761ж Е) 1763ж
6)Абылай хан жерленген қала:
А) Созақта В) Таразда С) Ташкентте D) Сығанақта Е) Түркістанда
7)Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам
А) Тәтіқара В) Үмбетей С) Бұқар жырау D) Асан қайғы Е) Доспамбет жырау
8)Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты
А) Әбілмансұр В) «Алапай» С) «Сабалақ» D) «Қожалақ» Е )Дарабоз
9)Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытқан өңір:
А) Ертіс бойы В) Шу бойы С) Жайық бойы D) Талас бойы Е) Сырдария бойы
10)1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды:
А) Ресейдің В) Хиуаның С) Жоңғарияның D) Қытайдың Е) Қоқанның
11)1761ж. Абылай орыстың осы патшасынан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап, хат жазды:
А) Анна Иоановна В) IIЕкатерина С) Елизавета Петровна D) IЕкатерина Е) Анна Леапольдовна
12)1778 жылы II Екатерина Абылай ханды
А) Үш жүздің ханы етіп бекітті В) Кіші жүздің ханы етіп бекітті С) Орта жүздің ханы етіп бекітті
D) Орта жүз бен Кіші жүздің ханы етіп бекітті Е) Ұлы жүздің ханы етіп бекітті
13)Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы:
А) Мал шаруашылы В) Егіншілік С) Құс шаруашылығы D) Өнеркәсіп Е) Сауда
14)1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер:
А) Абылай В) Әбілпайыз С) Уәли D) Кенесары Е) Бөкей
15)Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан
А) Тәуке В) Қасым С) Хақназар D) Әбілқайыр Е) Абылай
16)Қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған әскердің Қазақстанға басып кірген жылы
А) 1751ж В) 1754ж С) 1757ж D) 1762ж Е) 1771ж
17)Абылайдың бас мирасқоры
А) Уәли В) Шерғазы С) Бөкей D) Есім Е) Сәмеке
18)XVIIIғ.70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп, салық төлеуге мәжбүр еткен қала
А) Бұхар В) Ташкент С) Хиуа D) Хорезмшах Е) Самарқан
19)Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына таласушылардың бірі
А) Қалдан — Серен В) Давашы С) Әмірсана D) Сыбан — Рабдан Е) Капсы
20)Өлкенің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған
А) Г.Миллер В) П.Рычков С) И.Муравин D) И.Андреев Е) Я.Гуляев
21)Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған
А) В.Урусов В) И.Лихарев С) Н.Рычков D) Д.Гладышев Е) И.Миллер
22)XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі
А) Шалкиіз В) Бұқар С) Жанаң D) Ақтамберді Е) Үмбетей
23)Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта Жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен XVIIІ ғасырдың IІ жартысындағы танымал ақын
А) Жанақ В) Үмбетей С) Тәтіқара D) Ақтамберді Е) Бұқар
24)Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі Қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын XVIIІ ғасырда өмір сүрген белгілі жырау
А) Ақтамберді В) Тәтіқара С) Үмбетей D) Бұқар Е) Жанақ
25)XVIIІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау
А) Жанақ В) Бұқар С) Доспамбет D) Тәтіқара Е) Үмбетей
26) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының авторы, XVIIІ ғасырдың суырып салма ақындардың бірі
А) Ақтамберді В) Жанақ С) Бұқар D) Тәтіқара Е) Үмбетей
27)«Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы
А) В.Веселовский В) И.Муравин С) П.Рычков D) Д.Глалдышев Е) Я.Гуляев
28)Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар:
А) 1772-1775 жж. В) 1773-1775 жж С) 1775-1777 жж. D) 1771-1773 жж. Е) 1774-1776 жж.
29)Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері
А) Ұлы және Кіші жүз В) Кіші және Орта жүз С) Орта және Ұлы жүз D) Барлық үш жүз Е) Тек Кіші жүз
30)Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар
соғысына қатысуына түрткі болған
А) Саяси мәселелер В) Діни мәселелер С) Жер мәселесі D) Хандық биліктің жойылуы Е) Әлеуметтік мәселе



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет