4-вариант
1)Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті
А) Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды В) С.Датұлын Кіші жүзге хан сайлау
С) Кіші жүзде хандық билікті жою
D) Хандық билікке қарсы С.Датұлы мен барон Игельстромның көзқарастары ортақ болды Е) Орынбор әкімшілігі Сырымға оң қабақ танытқан емес
2)Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған
А) Екатерина ІІ В) майор Назаров С) князь Потемкин D) барон Игельстром Е) граф Панин
3)Бөкей Ордасы құрылды
А) 1801 жылы В) 1803 жылы С) 1806 жылы D) 1809 жылы Е) 1812 жылы
4)Бөкей Ордасының территориясы
А) Еділ мен Амударияның жоғарғы ағысына дейін
В) Тобылдан Сырдарияның төменгі ағысына дейін
С) Ембіден Жайық бойына дейін
D) Еділ мен Жайықтың аралығы
Е) Жайық пен Тобылдан Сырдарияның төменгі ағысына дейін
5)Ішкі Орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы
А) І Александр В) ІІ Екатерина С) ІІ Александр D) І Николай Е) І Павел
6)Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:
А) Жасқұста В) Сарайда С) Теректіқұмда D) Жаманқалада Е) Тастөбеде салынды
7)Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл
А) 1820 жыл В) 1815 жыл С) 1810 жыл D) 1801 жыл Е) 1827 жыл
8)1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші
А) шаруалар В) сұлтандар С) қолөнершілер D) старшындар Е) жатақтар
9)ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап
А) 750 000 шақырым В) 850 000 шақырым С) 100 000 шақырым
D) 950 000 шақырым Е) 650 000 шақырым
10)1827 жылы Бөкей хандығында құрылған хандық кеңестің мүшелерінің саны
А) 10 би В) 15 сұлтан С) 15 би D) 12 би Е) 20 би
11)1836-1838 жылдары көтеріліске түрткі болған жағдай
А) Бөкей ордасына Жәңгір ханның тағайындалуы
В) Патша үкіметінің салықты өсіруі
С) Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожаның Каспий өңіріндегі руларға билеуші болып тағайындалуы D) Жәңгірдің әділетсіздігі Е) Исатайдың сотқа тартылуы
12)Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:
А) Махамбеттің өлеңдерінде В) Исатайдың старшындар съезінде сөйлеген сөзінде
С) Көтерілісшілердің патшаға жазған үндеуінде
D) Жәңгір ханға жолданған хаттар Е) Көтерілісшілердің халыққа таратқан үндеу қағаздарында
13)1837 жылы хан сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің саны
А) 10 мың В) 5 мың С) 2 мың D) 3 мың Е) 7 мың
14) Исатай қаза тапқан шайқас:
А) Тастөбе В) Ақбұлақ С) Теректіқұм D) Нарын Е) Жиделі
15) Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша қай жылы Исатай Тайманұлы сотқа тартылды
А) 1815-1817 жж. В) 1817-1823 жж. С) 1823-1825 жж.
D) 1824-1828 жж. Е) 1825-1833 жж.
16)1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған
А) Жәңгір хан В) князь Горчаков С) граф Чернышев
D) полковник Геке Е) полковник Данилевский
17)Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай
А) Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы В) Көтерілісшілер санының көбеюі
С) Тастөбе түбіндегі көтерілісшілердің жеңілісі D) Жазалаушы отрядтардың бірігуі
Е) Патшаның көтеріліске қарсы шаралары
18)Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері
А) 2000 сом В) 1000 сом С) 500 сом D) 800 сом Е) 1500 сом
19)1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады
А) Баймағамбет сұлтанның В) Жәңгір ханның С) Балқы бидің
D) Табылды Шерғазыұлы сұлтанның Е) Нұртазғани сұлтанның
20)Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары
А) И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы В) А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы
С) Қ.Өтемісұлы мен Б.Сарұлы D) Жоламан Тіленшіұлы мен Е.Көтібарұлы
Е) И.Тіленбайұлы мен Д.Тәжіұлы
21)Патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді
А) 1838 жылы В) 1842 жылы С) 1846 жылы D) 1848 жылы Е) 1849 жылы
22)1837-1847 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы
А) М.Өтемісұлы В) С.Датұлы С) К.Қасымұлы D) Ж.Нұрмұхамедұлы Е) Ж.Тіленшіұлы
23)1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан:
А) Қоқан ханы В) Бұқар әмірі С) Хиуа ханы D) Ташкент билеушісі Е) Ноғай ханы
24)Кенесары Қасымұлының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен
А) ағасы Саржан В) әкесі Қасым С) ағасы Есенкелді D) С.Датұлы Е) Ж.Тіленшіұлы
25)К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды
А) Орта жүз В) Ұлы жүз С) Кіші жүз D) Үш жүзді Е) Орта жүз бен Кіші жүзді
26)Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны
А) 70 тен астам В) 80 нен астам С) 100 шақты D) 150 дей Е) 60 тан астам
27)1838 жылы мамырда Кенесары сарбаздары
А) Ақтау бекінісіне шабуыл жасады В) Ақмола бекінісін өртеп жіберді
С) Кіші жүз сарбаздарымен бірікті D) Созақ бекінісін қоршады
Е) Қырғыз ауылдарын тонады
28)1841 жылы Кенесары әскерінің Ташкентке аттануына тоқтау болған себеп
А) Көтерілісшілер қатарының сирек В) Жазалаушы отрядтардың шабуылы
С) Үстем тап өкілдерінің опасыздығы D) Жұт Е) Сарбаздар арасында жұқпалы ауру тарады
29)1844 жылы 20 шілдеде Кенесарыға қарсы ұрыста мерт болған сұлтандар саны
А) 50 В) 48 С) 42 D) 38 Е) 44
30)1843 жылы маусымда І Николай көтерілісті басу үшін кімдерді жіберуге келісім берді
А) генерал Обручевтің отрядын В) Сотниковтың отряды С) Старшина Лебедевтің
D) Жантөре сұлтанның отряды Е) Полковник Бизановтың қарулы тобы
Достарыңызбен бөлісу: |