5-вариант
1)Патша үкіметінің старшина Лебедевті Орынборда қызметінен алып, сотқа беру себебі
А) Кенесары тобына қарсы шығуы В) Көтерілісшілерді аяусыз қырды
С) Кенесарыға әскери көмек беруі D) Кенесарымен күрестегі дәрменсіздігі
Е) Кенесарымен келісімге келуі
2)1844 жылы Кенесары мен патша үкіметінің арасындағы келіссөздердің тоқтатылу себебі
А) Көтерілісшілер күресті тоқтатпады В) Патша үкіметінің талаптары ғана орындалды С) Кенесарының талаптары ғана орындалды
D) Екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмады
Е) Орта Азия халықтары кедергі болды
3)1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері
А) Долгов пен поручик Герн В) Герн мен князь Горчаков
С) Полковник Бизанов пен Лебедев D) Сұлтандар Жантөреұлы мен Баймағамбет
Е) Вишневский мен князь Горчаков
4)1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды:
А) Кіші жүз жеріне В) Ресейдің орталық аудандарына С) Хиуа жеріне
D) Ұлы жүзге Е) Қырғыз жеріне
5)Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ
А) Бұқар мен Хиуа В) Қоқан мен Бұқара С) Қырғыздар мен өзбектер
D) Қытай мен Қоқан Е) Ресей мен Хиуа
6)Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға
А) Қоқандықтардың қазақтарды жерінен қууы В) Қытайдың қысым көрсетуі
С) Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы D) Малдың қырылып, жұт болуы Е) Қазақ феодалдарының озбырлығы
7)Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары
А) Тайшыбек, Саурық, Сұраншы В) Ағыбай, Бұхарбай, Аңғал
С) Жеке, Байсейіт, Ағыбай D) Иман, Сұраншы, Бұғыбай Е) Наурызбай, Бопай, Жоламан
8)Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер
А) 1837 жылы Тастөбеде В) 1857 жылы Арықбалықта С) 1838 жылы Ақбұлақта
D) 1847 жылы Майтөбеде Е) 1869 жылы Жамансайда
9)Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі
А) Қырғыздарды Қоқандықтардан азат етуі В) Қырғыз жеріндегі орыс билігін әлсірету С) Абылайдан қалған өшпенділік
D) Патша жазалаушыларымен күресте Кенесарыны қолдамауы
Е) Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы
10)ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекеттер:
А) Хиуа хандығы В) Бұқар әмірі С) Қоқан хандығы D) Ташкент билеушісі Е) Ресей
11)Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы
А) Ағыбай батыр В) Бұқарбай батыр С) Байсейіт батыр D) Иман батыр Е) Сұраншы батыр
12) Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған қай елдің ханы?
А) Қоқан ханы В) Хиуа ханы С) Бұқар D) Ташкент Е) Кіші жүз ханы
13)Кенесары көтерілісі кезіндегі орыс патшасы:
А) І Александр В) ІІ Екатерина С) І Николай D) І Павел Е) ІІ Александр
14)Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді
А) сұлтандар сотын В) хандық сотты С) қазылар сотын D) халық сотын Е) имандар сотын
15) Кенесары қай жылы хандық билікті қолына алды?
А) 1839 жылы В) 1841 жылы С) 1843 жылы D) 1845 жылы Е) 1847 жылы
16)Кенесары Қасымұлы көңіл бөлген шаруашылық саласы:
А) мал шаруашылығы В) құрылыс саласы С) егіншілік D) сауда Е) қолөнер
17)Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі
А) Хан тұқымдарына жеңілдік алып беру В) Патша үкіметінің салық саясатына қарсылық С) Батыс Сібір генерал-губернаторының орнынан алу
D) Патша өкіметін құлату Е) Патша өкіметінің қазақтарды отарлауын тежеу
18)Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған
А) Есет батыр В) Ж.Нұрмұхамедұлы С) К.Қасымұлы
D) С.Датұлы Е) И.Тайманұлы
19)Қазіргі Қазалы қаласы XIX ғасырда аталды:
А) Перовск В) Верный С) Созақ D) Жаңақорған Е) Райым
20)1856-1857 жылдары Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің тірегі болған қала
А) Жаңақала В) Қазалы С) Жаңақорған D) Түркістан Е) Шолаққорған
21)XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтеріліс нәтижесі
А) Салық мөлшеріне шек қойылды В) Патша өкіметінің отарлауын кешеуілдетті
С) Патша өкіметі көтерілісшілердің талабын орындауға уәде берді
D) Есет Орынборда патша билігін мойындады Е) Жазалаушы топтар талқандалды
22)1858 жылы қырғыз-қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген жер
А) Әулиеата маңы В) Тоқмақта С) Пішпек түбінде D) Шымкентке таяу жерде Е) Меркеде
23)Жанқожа бастаған көтеріліс жаншылған жыл
А) 1853 жыл В) 1847 жыл С) 1858 жыл D) 1860 жыл Е) 1857 жыл
24)1855 жылы шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш
А) Сұлтан Жантөрин В) Майор Булатов С) Генерал-майор Фитингоф
D) Мырза Ахмет хан Е) Сұлтан Тайшық
25)Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылы болған көтерілісті басты:
А) Жалаушы топтармен бірігіп В) Қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы
С) Әскери күштің басымдығымен D) Жалған уәделер беру арқылы
Е) Көтерілістің басшыларымен келіссөз жүргізді
26)Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл
А) 1841 жыл В) 1845 жыл С) 1849 жыл D) 1853 жыл Е) 1843 жыл
27) XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған
А) Ж. Нұрмұхамедұлы В) Тентек төре С) Ж.Тіленшіұлы D) Есет батыр Е) А.Қожайұлы
28)1858 жылы наурызда басталған Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі
А) Шымкент маңында В) Ташкент маңында С) Ақмешітте D) Пішпек түбінде
Е) Әулиеата маңында болды
29) Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан:
А) Баймағамбет сұлтан В) Тайшық сұлтан С) Қайыпқали сұлтан D) Сүйік Абылайханұлы
Е) Арыстан Жантөреұлы
30)1858 жылы Қоқан билігіне қарсы болған көтерілістің нәтижесі
А) Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады
В) Көтерілісшілерге кешірім жасалынды С) Қазақтарға еркін көшіп-қонуға еркіндік берілді D) Салық мөлшері азайды Е) Сауда өркендеді
Достарыңызбен бөлісу: |