1. Солтүстік тобы. Түркі тілдерінің бұл тобына алтай, қырғыз, қарачай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт т.б. тілдерді енгізген.
2. Батыс тобы. Түркі тілінің бұл тобына автор түрікмен, түрік, әзірбайжан, гагауыз т.б. тілдерін енгізген.
3. Шығыс тобы. Бұл топқа автор көне түркі Орхон, көне ұйғыр, шағатай, қыпшақ, қарағас, т.б. тілдерді қосады.
4. Аралас топ. Бұл топқа автор жоғарыдағы тілдермен байланысы жоқ саха, чуваш және Орта Азиядағы халықтардың кей тілдерін жатқызған.
В.В.Радловпен Ф.Корштың жіктеуі түркі тілдерін топқа бөлу кейінгі ғалымдарға тигізген көмегі қанша мол болса, кемшілігі де аз болған жоқ. Василий Васильевич Радловтың жіктеуі түркі тілдернің фонетикалық ерекшелігіне негізделсе де, ол ерекшеліктер толық көрсетілмеді. Ф.Корш ұстанған принцип те түркі тілдерінің ерекшеліктерін толық қамти алмайды.
Түркі тілдерінің өзіндік ерекшелігін кеңінен қамтуға әрекет еткен жіктемені Александр Николаевич Самоилович жасады. Ол түркі тілдерін алты (тоғыз, аяқ, бол, тау, сары, қалған) сөздің фонетикалық, морфологиялық белгісіне қарай отырып, оларды алты топқа бөледі.
1. Р тобы немесе бұлғар, чуваш тобы. Бұлар мынандай ерекшеліктерге ие: тохор, ура, тур, тау\\ту, сари, қалан түрінде айту. Бұл топқа көне бұлғар тілі мен қазіргі чуваш тілдері енеді.
2. Д ұйғыр немесе солтүстік-шығыс тілдері. Олардың негізгі ерекшеліктері: тоқуз, адақ\\азақ, пол, тағ, сариғ, қалған.
3. Тау-тобы немесе қыпшақ, солтүстік-батыс тобы. Бұл топқа енген тілдердің негізгі ерекшеліктері: тоғуз, айақ, булл\\бол, тау, сары, қалған.
4. Тағлық-тобы. Шағатай немесе оңтүстік-шығыс тобы. Бұл негізгі ерекшеліктері: тоғуз, айақ, бол, тағ, сарық, қалған. Автор бұл топқа көне шағатай, Қытай түркістанында тұратындардың өзбек т.б. тілдерін жатқызған.
5. Тағлы-тобы. Қыпшақ түрікмен немесе орта топ. Бұлардың негізгі ерекшеліктері: доқуз, айақ, бол, тағ, сары, қалған. Автор бұл топқа Хорезм өзбектерінің тілін жатқызады.
6. Ол-тобы. Түрікмен немесе оңтүстік-батыс тобы. Олардың негізгі ерекшеліктері: доқуз, айақ, ол, дағ, сары, қалан. Автор бұл топқа түрікмен, әзірбайжан, түрік және гагауыз тілдерін енгізген.
Түркі тілдеріне тарихи тұрғыдан топтау жасаған Сергей Ефимович Малов болатын. Ол түркі тілдерін көне элементтерді құрамында сақтауында қарай ең көне тіл, көне тіл, жаңа тіл және ең жаңа тілдер деп төрт топқа бөлген.
1. Ең көне түркі тілдері: бұлғар, ұйғыр (сары ұйғыр), чуваш, якут тілдері.
2. Көне түркі тілдері: оғыз, тофалар, тува, ұйғыр, хакас, шор тілдері.
3. Жаңа түркі тілдері: әзірбайжан, гагауыз, құман, қыпшақ, печенек, половец, салар, түрік, түрікмен, үйғыр, өзбек, шағатай, чұлым т.б.
4. Ең жаңа түркі тілдері: башқұрт, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, құмық, ноғай, ойрат, татар, чуваш, якут тілдері.
3.Түркі тілдеріне талдау жасау мәселесімен соңғы кезде де шұғылданушылар бар. Бірақ бұл істің бәрі бірдей сәтті болмаса да, жаңа принцип, тың пікірлер айтушыларда жоқ емес. Сондай талдаулардын бірі (үш түрлі үлгіде) 1959 жылы жарық көрген авторлар ұжымы жазған «Түркі филологиясының негіздері» атты еңбекте берілген. Бұл кітаптағы бірінші жіктеменің авторы И.Бенцинк барлық түркі тілдерін 5 топқа бөліп қарайды. 1. Бұлғар тобы. 2. Оңтүстік немесе оғыз тобы. 3. Батыс немесе қыпшақ тобы. 4. Шығыс немесе ұйғыр тобы. 5. Солтүстік тобы.
Автордың көрсетуінше бұлғар тобына тек чуваш тілі ғана енеді. Оңтүстік немесе оғыз тобына: 1. Осман түріктерінің тілі қырым татарлар мен гагауыз тілі, 2. әзірбайжан тілі және оның диалектілері. 3. түрікмен тілі. Батыс түркі немесе қыпшақ тобындағы түркі тілдерін автор: 1. Қара теңіз, Каспий жағалауындағы. 2. Оралдағы. 3. Арал-Каспий жағалауларындағы тілдер деп іштей үш топқа бөлген. Бірінші топқа қарайым, қарашай-балқар және құмық тілдерін жатқызса, екінші топқа татар, башқұрт және қырым топтар тілдерін, Арал-Каспий тобына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерін жатқызған.
Шығыс түркі немесе ұйғыр тобына өзбек және ұйғыр тілдерін жатқызады. Бұл топтағы тілдерді көне және орта ғасыр тілдері деп екіге бөліп, оларға көне ұйғыр, шағатай және қараханидтер Хорезм түркілерінің тілін жатқызады.
Түркі тілдерінің солтүстік тобына: а) Арал-саян тілдері, ә) Солтүстік тобы деп екіге бөлген. Бірінші топқа: алтай, шор, хакас, тува, қарағас тілдерін, ал Солтүстік Сібір тілдеріне: якут, долган тілдерін енгізеді. И.Бетлингтің жіктемесі түркі тілдерінің тарихы мен қазіргі кезеңін толық қамтыса да, әр топтың өзіне тән белгілерін атап көрсетсе де, кемшіліктерден құр алақан емес. Мысалы: Бұл жіктемеде тілдердің орналасу жағдайы негізгі принцип етіп алынады да, әр тілдің өзіндік ерекшелігі есепке алынбайды.
Көрсетілген жинақтағы түркі тілдерін екінші жіктеуінің авторы профессор К.Г.Менгес ол түркі тілдерін 6 топқа бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |