81. Балалардың тірек-қимыл аппаратының зақымдалуын түсіндіріңіз


Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балалардың негізгі кемістігін атаңыз



бет15/20
Дата02.05.2024
өлшемі102.68 Kb.
#500297
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Инклюзив сессия жауаптары Аяулым

95. Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балалардың негізгі кемістігін атаңыз.
Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балалардың негізгі кемістігі – кимыл–қозғалысының ауытқуы (қозғалу, қимыл әрекеттерінің жетілмеуі, зақымдануы немесе мүлдем жойылуы). Осы сияқты аутқулары бар балалардың көпшілігін балалардың церебральдық сал ауруымен ауратын балалар құрайды (89%). Бұл балаларда тірек–қимыл аппаратының зақымдануы көбінесе психикалық бұзылулармен, тіл мүкістіктермен тіркесе жүреді, сондықтан олардың көпшілігі тек қана медициналық-әлеуметтік жәрдемді ғана емес, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық және логопедтік көмектерді де қажет етеді. Әдетте, тіреқ-қимыл аппараты зақымдалған балалардың ішінде танымдық қабілеті сақталған, арнайы оқыту мен тәрбиені қажет етпейтін балалар да кездеседі. Дегенмен, аталмыш балалардың барлығыда ерекше өмір сүру жағдайын, оқытуды және келешек еңбек әрекетінің дұрыс қалыптасуын қажетсінеді. Оларды әлеуметтік бейімдеуде екі бағыт белгіленеді. Біріншісі – қоршаған ортаны балаларға бейімдеу. Ол үшін арнайы техникалық жылжу құралдар (арбалар, балдақшалар, таяқтар, велосипедтер), тұрмыстық заттар (ыдыс-аяқ, электроаспаптардың арнайы сөндіргіштері), арнайы сатылар, жол жиектерінен арнайы түсу жолдары болады. Ал тірек–қимыл аппаратының зақымдануы бар балаларды бейімдеудегі екінші бағыт – ол балалардың жеке бастарын әлеуметтік ортаның қалыпты жағдайларына бейімдеу.
Тірек–қимыл аппаратының зақымдануында психика құрылымы психика дамуындағы өзгеше кемістіктерден тұрады. Психиканың даму бұзылуларының механизмі өте күрделі және де мидың зақымдану мерзімімен, дәрежесімен, орналасуымен айқындалады. Құрсақ ішінде қалыптасқан психикалық бұзылулардың көрінісі зиятының тұрпайы жетілмеуімен де сипатталады.
Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы кезінде психикалық даму кемістігі танымдық әрекетінің, эмоционалдық-жігерлі сферасының және жеке тұлғаның қалыптасуының бұзылуларынан тұрады.

Тірек–қимыл аппаратының зақымдануындағы интеллект кемістігінің құрылымы бір қатар өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:


· Қоршаған орта туралы мәліметтің бір шама аз көлемі. Бұл келесі себептердің салдары болып табылады: а) ұзақ мерзім бойы қозғалмау жағдайы және кеңістікте ерсілі-қарсылы жүру қиындығымен байланысты амалсыз оңашалау, құрбылармен ересек адамдармен қарым-қатынастың шектеуілігі, б) тірек–қимыл зақымдануымен байланысты затты-практикалық әрекет барысында қоршаған ортаны танудың қиынға түсуі, в) сенсорлық қызметтердің бұзылуы.
· Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы кезінде әр-түрлі талдағыш жүйелерінің үйлесімді қызметінің бұзылулары байқалады. Түрлі заттарды сипау, манипуляциялау, яғни іс-барысында тану қызметтері ТҚАЗ кезінде бұзылады.
· Ой-өріс кемістігінің әркелкі, дисгармоникалық түрде болуы, яғни бір интеллектуалдық қызметтер бұзылып екіншісі тежелсе, үшіншісі қалыпты жағдайда сақталып қалады. Мұндай өзгешелік мидың ерте даму сатысындағы органикалық зақымдануымен байланысты. Сонда көбінесе жоғарғы интеллект қызметімен басқада ең жағарғы қыртыс функцияларды қамтамасыз ететін мидың «жастау» функционалдық жүйелері күйзеледі. Кейбір балаларда ойлаудың көрнекі түрлері дамиды, басқаларында, керісінше, көрнекі-қызметтік ойлау төмендегенімен сөйлеу-логикалық ойлау жақсырақ дамиды.
· Психоорганикалық көріністердің ұлғаюы: психикалық процестердің бәсеңдігімен әлсіреуі, әрекеттің басқа түрлеріне ауысуы, зейін шоғырлануының жеткіліксіздігі, механикалық зерде көлемінің төмендеуі.

Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балаларға эмоционалдық–жігерлі сферанының бұзылулары тән. Кейбіреулерінде ол жоғары эмоционалдық қозуымен қатар шегіндірілген тежелуімен байқалады, басқаларына – ұяңдықпен сескенушілікпен сипатталады. Тәртіп бұзылулары қозғалыстың шегіндірілген тежелу, ашушаңдық, қоршағандарға қарсы шығумен сипатталады. Ал кейбір балаларда керісінше толық немқұрайлық, селқостық, қатынаспаушылық орын алады.


Тірек қимыл аппараты зақымдалған балалардың кемістік құрылымының 80% тіл мүкістіктері құрайды. Тіл мүкістіктердің ауырлығымен орналасуына байланысты. Тіл мүкістіктерінің механизімінде ең маңыздысы болып қозғалыс патологиясының өзі болып табылады. Тірек–қимыл аппаратының зақымдалуы кезінде тіл мүкістіктері тікелей қозғалыс бұзылуларымен байланысты. Сонымен қатар, артикуляциялық аппараты зақымдалуы ауырлығымен қол қызмет зақымдануынң ауырлығы байланысты. Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балаларына әр түріне өзіндік тіл кемістіктері тән. Сөйлеу кемістіктері тірек–қимыл аппараты зақымдалған балалардың басқалармен қарым–қатынасын тежеп қиындата қоймай олардың жалпы дамуына кері әсерін тигізеді. Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балаларда келесі тіл кемістіктері байқалады: дизартрия, тіл дамуының тежелуі, алалия, жазбаша сөйлеудің бұзылулары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет