91. Қашық перспективаны айтып беріңіз.
Ұжымды құраушы оқушылар ұжым жұмысын белсеніп орындауында, гуманистік қатынастың дамуында. Бір – біріне ілтипатты болуы, жолдастарының қуанышына, мұқтажына ортақтасуы, мінез құлық нормасын сақтауы осы кезеңнің басты қағидалары. Оқушылар ұжымды нығайту мен қалыптастыруда маңызды мәселе ол мақсат қою, перспективаны талдау. Осы тұрғыдан Макаренко 3 түрлі перспективаға бөледі.
1) Жақын перспектива – күнделікті өмірде жеке адамды әр түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. Жақын перспективаға жататын: жақын перспективті жарыс, экскурсия, жексенбілік, серуен, цирк, музей, көрмеге бару, үйірмедегі қызықты жұмыстар т. б.
2) Орта перспектива – ол пән бойынша олимпиадаға қатысу, сурет конкурстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыпта диспут өткізу т. б. Мұндай оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
3) Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір жұмысты ұзақ мерзімді орындауға талпыну мақсаты. Мысалы, келешек мамандық таңдауы, білім алу, мектеп бітіргеннен соң жоғарғы оқу орнына түсу т. б. Адамның отанға қызмет етуі.
Осы перспектива оқу – тәрбие процесін тиімді пайдалануы әрбір мұғалімнің міндеті. Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық песпектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перпектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б. Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
Достарыңызбен бөлісу: |