82. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда қандай тіл кемістігі жиі кездесетінін айтыңыз.
Тірек қимыл аппараты зақымдалған балалардың кемістік құрылымының 80% тіл мүкістіктері құрайды. Тіл мүкістіктердің ауырлығымен орналасуына байланысты. Тіл мүкістіктерінің механизімінде ең маңыздысы болып қозғалыс патологиясының өзі болып табылады. Тірек–қимыл аппаратының зақымдалуы кезінде тіл мүкістіктері тікелей қозғалыс бұзылуларымен байланысты. Сонымен қатар, артикуляциялық аппараты зақымдалуы ауырлығымен қол қызмет зақымдануынң ауырлығы байланысты. Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балаларына әр түріне өзіндік тіл кемістіктері тән. Сөйлеу кемістіктері тірек–қимыл аппараты зақымдалған балалардың басқалармен қарым–қатынасын тежеп қиындата қоймай олардың жалпы дамуына кері әсерін тигізеді. Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балаларда келесі тіл кемістіктері байқалады: дизартрия, тіл дамуының тежелуі, алалия, жазбаша сөйлеудің бұзылулары.
Тірек–қимыл аппаратының зақымдануы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері зақымдалған тірек–қимыл қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында, тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Ресейлік ғалымдар тірек–қимыл аппаратының зақымдалуы бар балаларды, оның өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі мақсаттарды көрсетіп, сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді екенін дәлелдеді.
Түзете-дамыту жұмысының мақсаты дер кезіндегі тілдік және танымдық даму, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен қоғамда бейімделуін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жүйесін бірізділікпен дамыту және түзету, қолдың ұсақ моторикасын қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаларын атауға болады:
- Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балалар үшін түзете-дамыту жұмысының ерте басталғаны дұрыс, себебі қимылдық бұзылыстар басқа да қызметтердің екіншілік тежелуіне әкелетіндіктен, өмірінің алғашқы аптасынан және айынан бастау керек.
- Педагогикалық түзету кезінде дефектолог пен мүгедек баланың ата-анасы арасында өзара байланыстың болуы өте маңызды. Отбасылық тәрбие қателіктері психофизикалық дамудың ауытқуын одан да қиындатып жіберуі мүмкін. Сондықтан, ата-аналар дефектологтан баласының өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысы, қолдың ұсақ моторикасын дамытуды, қорғаныс тәртібін сақтау, ерекше баласына шыдамдылықты таныту, үй жағдайында ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен кеңестерді алып жатады. Осындай кешенді түзете-дамыту жұмыстары танымдық, қимыл-қозғалыстық және эмоционалды-ерік саласындағы кемшіліктерді жоя отырып, әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және әлеуметтік ортаға бейімделіп енуіне оң әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |