88. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мен инклюзивті білім берудің байланысын суреттеңіз.
Психологиялық сүйемелдеудің ең басты қағидаларының бірі тұлғаға уақытында көмек көрсетіп, қолдау ғана емес, осы үдерістің қиыншылықтарын өздігінен жеңіп шығуға, тұлғалық қалыптасуына жауапкершілікпен қарауға үйрету, әлеуметтік өмірде толыққанды субъект болып қалыптасуына ықпал ету. Психологиялық сүйемелдеу, әсіресе, инклюзивті оқыту жағдайында ерекше маңызға ие: сынып ұжымындағы әр түрлі категориядағы балалардың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға жеке қатынас жасау, даму мүмкіндіктерін болжау және ұжымдағы өзара қарым-қатынас тиімділігіне ұмтылу. Осының барлығы білім беру ұйымының қалыптасқан психологиялық қызмет жүйесін қайта қарауды талап етеді. Штаттық кестеге өзгеріс енгізу (ұлғайту), психолог жүктемесін жеңілдету, психологиялық құралдарды түрлендіру, т.б.
Инклюзивті білім беру жағдайында оқушыларды психологиялық қолдау келесі жайттарға ықпал етеді: оқу-тәрбие үрдісін түзету үшін өлшеу және сапа көрсеткіштерін талдау арқылы сапаны бақылауға; сапаны жақсартуды қамтамасыз етуге. Білім беру сапасын бағалауға жаңаша қатынастың негізгі идеясы:бағалаудың түйінді салаларын анықтау негізінде ортақ құралдарды қалыптастыру, сапа критерийлері, нысан жағдайы туралы сандық және сапалық сипаттамаларды алу үшін деңгейлік шкаланы енгізу; бірдей (ортақ) қатынасты қолдану негізінде өзіндік бағалауды және сыртқы бағалауды жүргізу; сапаны бағалаудан сапаға жету қозғалысын қамтамасыз ету.
Инклюзивті білім беру жағдайында оқу тиімділігіне қол жеткізу «әлсіз» оқушыларға, яғни білім мекемесіне сыртқы, мектептен тыс әлемнен өзімен бірге жағымды алғышарттар (әлеуметтік жағдай, қабылет) әкелмеуі себепті, жоғары нәтиже көрсете алмайтын балаларға білім беру ұйымының қалай және қаншалықты ықпал етуін анықтауға басымдық берілуімен анықталады. Бұл көптеген «түйінді факторлар» арқылы ажыратылады. Оның таңдаулы белгілері:
жағымды оқу мәдениеті; жақсы үміт (жоғары ұмтылыс);
оқушылардың оқу нәтижесін қадағалау; жеке жетістіктерді үнемі қолдау;
оқу мен үйретуді үнемі жақсартуға қызығушылық; оқушылардың ынталылығы және белсенді қатынасы;
өзгерістерді қолдау және оны әкімшілік тарапынан бақылау;
түрлі әдістемелерді мақсатты түрде іріктеу және қолдану;
отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастық.
Инклюзивті оқыту жағдайында білім беру ұйымының негізгі әрі аса маңызды міндеттері мұғалімдердің сабақ беруі, оқушылардың оқуы және әлеуметтік-психологиялық қолдау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |