8.Әдіснамалық философиялық білім



бет3/4
Дата26.12.2023
өлшемі34.87 Kb.
#487965
1   2   3   4
методология 8-14

3 кезең Еуропадағы (б.з.д. V ғ.) ортағасырлық мектептің құрылуына тұспа-тұс келеді. 4 кезең қайта өрлеу дәуіріне сәйкес келеді. 5 кезең педагогиканың жеке ғылыми теория ретінде қалыптасуы. Бұл чех педагогы Ян Амос Коменскийдің атымен байланысты. «Ұлы дидактика» кітабында (1628 ж.) Я.А. Коменский педагогикалық білімге ғылыми негіз салуға тырысты. Коменскийдің еңбегі педагогиканы ғылым ретінде жүйелеудің жолын тапқан алғашқы жетекші оқулықтардың бірі болды.6 кезең Педагогика ғылымының маңызды құрылымы – дидактиканың дамуына көптеген үлестерін қосқан белгілі педагогтар И.Ф. Гербарттың (1776-1841), И.Г. Песталоццидің (1746-1827), А. Дистервергтің (1790-1816) есімдерімен байланысты. 7 кезең В.Г. Белинский (1811-1848), А.И. Герцен (1812-1870), Н.Г. Чернышевский (1828-1889), Н.А. Добролюбов (1836-1861), Л.Н. Толстой (1828-1910), Н.И. Пирогов (1810-1881) және т.б. белгілі орыстың ғалымдары мен ағартушыларының қызметімен танылды.8 кезең Педагогиканың ғылым ретінде дамуы К.Д. Ушинскийдің (1824-1870) іс-әрекетімен байланысты. 9 кезең Педагогиканың ғылым ретінде дамуы ХХ ғасырдың басындағы тарихи жайт – 1917 жылғы Ұлы Қазан төңкерісімен байланысты. 1918-1931 жж. білім беру мен оқытуды түбегейлі қайта құру жүйесінің жылдары болды. Мектептің өзі алдыңғы жалпы білім беретін орындардың (гимназия, лицей, училищелер, шіркеулік және жергілікті мектептер және т.б.) типтерін ауыстырып, бірыңғай еңбектік (ресми түрде – 1918 жылдан бастап Бірыңғай еңбектік мектеп) болып аталды. Бұл оқытудың дәстүрлі жүйесінен бас тартып, оқытудың мүлдем жаңа теориясы мен білім берудің тәжірибесін іздеудің белсенді кезеңі болды.
12. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық амалдары
Педагогика әдіснамасы жалпы әдіснама ғылымы мен қоғам дамуының үдрісінн талдаудан туындайды, теориялық талдау және синтез, сонымен қатар, педагогика, психология, әлеуметтану, кибернетика және басқару теориясының зерттеу нәтижелерін, қисынды жалпылау әдістерін қолданады. Педагогика әдіснамасы зерттеушінің ғылыми жұмысына бағытталған басшылыққа қызмет етеді. Сонымен бірге, педагогика әдіснамасының басты міндеттерінің бірі зерттеу жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады. Ғылымда әдіснамалық негіздің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

  • ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бейнесі, философиялық – дүниетанымдық, қисынды – гносеологиялық, құндылықты – нормативті ұстанымдар, философияда құрастырылған теориялар мен категориялар);

  • теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық идеялары);

  • әдіснамалық негіз (зерттеудің әдіснамалық құрал-жабдығы, ғылымилық идеалы мен нормалары);

  • қисынды негіз (формалды және диалектикалық қисын заңдары, дәлел және аргумент ережесі);

  • эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәтижелері, тәжірибелік-ізденушілік жұмыс).

Бұл негіздер біріккен түрде ғылыми зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасын құрады және оны негіздеу қызметін атқарады. Педагогика және білім беру саласында философиялық негіздердің маңызы зор. Философиялық негізге ғылыми ізденістің теориялық негіздері, педагогиканың тұжырымдамалық ойлары мен ұстанымдары сүйенеді.
Әдіснамалық негізде автордың дүниетанымдық және зерттеушілік тұжырымдамасы сипатталады, зерттеу құбылыстарын талдауға объективті, ғылыми тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, білім беру теориясы мен тәжірибесіне қажетті одан шығатын қорытынды мен ұсыныстар, алынған нәтижелердің ғылыми құндылығы. Әдінамалық негізді тиімді анықтау үшін әдіснамалық түсіндіру жүзеге асырылады. Зерттеушілер зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтау барысында педагогика әдіснамасы қорына, педагогикалық ойларға, тұжырымдамалар мен теорияларға сүйенеді, олардың зерттеу болжамы негізінде ғылыми теория құру мен педагогикалық дәлелдерді ашу мен түсіндіру үшін қажетті және жеткілікті болып табылады.
Қазіргі уақытта педагогикалық зерттеулерге, білім жүйесі мекемелеріндегі тәжірибелік –эксперименттік жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Зерттеуші–педагогтің, педагогикалық ұжымның, эксперименттік алаңдардың ғылыми ізденісінің бағдарламалары мен әдістемелері жазылып даярлануда. Нақты мәселенің зерттелу жұмысының тәжірибесі жинақталуда. Ғалымдардың іргелі еңбектерінде (Л. В. Занков, Ю. К. Бабанский, М. Н. Скаткин, Я. Скалкова, В. И. Загвязинский, В. И. Журавлев, В. М. Полонский және т.б.) педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі кеңінен берілген. Дегенмен, осы уақытқа дейін ХХ ғасырдың екінші жартысында жан-жақты зерттелген, семинарларда талқыланғанмен де зерттеушінің әдіснамалық мәдениетіне енетін біліктіліктің мазмұны нақтыланбаған. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бағыттарын, тұжырымдамасын, әдістемесін анықтайтын ұғымдық-түсініктік терминологиялық аппараты жеткілікті деңгейде зерделенбеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет