Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.Ғылым түрлерінің проблемасы – бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи тұрғыдан қарастыру керек.XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес, зерттеу бағытына қарай ерекшелінеді.Мысалы, атом – физиканың да, химияның да объектісі қызметін атқарады, сол сияқты молекула – химияның да, физиканың да заты бола алады. Тірі организм биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың да заты бола алады.
Ғылыми зерттеудің түрлерінің негізгі мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу.
Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғылыми мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрпылымының жалпы заңы мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану негізгі міндет болып табылады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында “бұл кімге қажет?” деген сұрақтар қойылады.
10.Педагогиканың ғылым ретіндегі мәні
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика» термині Ежелгі Грециядан шыққан:грек тілінен аударғанда пайд – бала, gogos - мен басқарамын,сөзбе-сөз аударма «бала өсіру»
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педаогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дегіінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді
Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нетижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:1. Педагогиканың жалпы негіздері2. Тәрбие теориясы.3. Дидактика.4. Мектептану (басқару теориясы). Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.
11.Педагогиканың ғылыми тарихы
Кез келген ғылым дамудың ұзақ тарихи жолымен өтеді. Олай болса, педагогиканың ғылым ретіндегі дамуының негізгі кезеңдерін қарастырайық. 1 кезеңАлғашқы арнайы білім беру құрылымдары Ежелгі дүниенің б.з.д. ІІІ мыңжылдығында пайда болды. Онда білімді оқытудың жеңілдетілген формалары мен тәсілдері болды, мысалы үлкендер үлгісіне еліктеу, көрсеткенді қайталау, бұйрықты орындау, талап еткенге бағыну және т.б. Оқытушы мен білім алушылар арасында осындай қатынас болды. Бұл тәжірибеге сол кезде теориялық талдау болмады. Хат пайда болған кезде сауаттылыққа, оқуға, жазуға үйрену кесте көмегімен жүзеге асырылды. Әліппеге әріптерді қосу әдісі арқылы үйретілді. Оқушылар мәтінді жаттап алып, содан соң сөзбе-сөз қайталап айтатын еді 2 кезең Тәрбие үдерісінің бағытын, заңдылығын, негізін көрсететін қағидалар мен ережелердің, нұсқаулықтардың жүйелілігімен сипатталады. Бұл кезеңде педагогикалық білім философиялық және саяси білімнің бөлігі болды. Осы тұста Гомердің «Илиада», «Одисей», Плутархтың «Изречения спартанцев», Гесиодтың «Труды и дни» атты эпикалық поэмалары жазылды.
Достарыңызбен бөлісу: |