9. 2Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі



бет2/7
Дата11.03.2024
өлшемі30.96 Kb.
#495009
1   2   3   4   5   6   7
9. 2Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындар-dereksiz.o

Бірінші. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс.Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді әрі экспорттық әлеуетке ие.


  • Бірінші. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс.Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді әрі экспорттық әлеуетке ие.

  • Екінші. Ауыл шаруашылығының өнімдерді экспортқа шығаратын секторларын күшейтуге күш-жігерді шоғырландырудың маңызы зор. Атап айтқанда, Каспий және Қара теңіздердің порттары арқылы өтетін және Қытай бағытындағы экспорттық арналарды кеңейту қажет.

  • Үшінші. Мал шаруашылығы саласы да үлкен экспорттық әлеуетке ие. Қосымша шара ретінде ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру қажет.

9.2Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі.


  • 2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Астана мен Алматы қалалары Азия құрлығы өміріндегі спорт саласының қайнаған орталығына айналды. Қазақстанда тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындары болып өтті.

  • Азиада ойындарының өткізілуі ең алдымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды. Әлемдік қаржы дағдарысының салдарларына қарамастан, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Азиада ойындары үшін арнайы республиканың негізгі екі қаласында бірегей спорт кешендері салынды. Бой көтерген ол имараттар бүгінде елдің спорт инфрақұрылымының маңызды элементтері бола отырып, азаматтарды саламатты өмір салтына кеңінен тарту ісіне қызмет етуде.

  • VII Қысқы Азиада ойындарына әлемнің 27 елінен мыңнан астам спортшы қатысты. Жарыстардың бағдарламасына 11 спорт түрі енгізілді: коньки тебу спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей (бенди), шаңғы жарысы, биатлон, тұғырдан шаңғымен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыға лайықталған қысқы спорттық сайыс. Барлығы 69 медаль жиынтығы сарапқа салынып, бұл қысқы Азиада тарихындағы рекордтық көрсеткіш болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет