47.Фонетикалық құбылыстар туралы түсінік
Тілден тілге сөз ауысу– заңды құбылыс. Мұның өзі сөз байлығын (лексиканы) еселеп байытудың өнімді жолдарының біріне жатады.
Кірме сөздер әр түрлі позицияларында тілдің қалыптасқан дыбыстық жүйесіне сәйкес келмейтін кейбір жеке дыбыстар мен дыбыс тіркестерінің болуы заңды. Ондай сәйкессіздіктерді реттеу үшін кейде сөздің құрамындағы дыбыстарды түсіруге немесе жаңадан дыбыс қосып айтуға, төл дыбыстармен алмастыруға тура келеді. Тілімізге араб, парсы тілдерінен енген сөздер бұған дәлел. Олардың фонетикалық жақтан игерілгені сонша, көпшілігінің кірмелігі аңғарылмайды.
Олардың ішінен азын-аулақ аралас буынды, шәлкес тіркесті сөздер кездесетін болса, оны фонетикалық іліміміздің шалағайлығынан деген жөн.
Ертеректе енген орыс сөздерінің игерілуінде де мін жоқ.
Мәселен, бөкебай, бөрене, бөтелке, доға, кәмпит, көшір, қамыт, қарындаш, пұт, пүліш, пеш, сәтен, сиса, сом, сот, теңге, самауыр, сөтке, үстел, орыс т.б.
Кірме сөздерді игеру үстінде бұрын бар дауыстыны түсіру, жаңадан қосып айту буын құрамын кемітуге немесе арттыруға мүмкіндік тудырады. мәселен, қазір күнделікті тілімізде жиі қолданылып жүрген анкет, газет, контор, минут, пар, секунд, фанер, цифр, шахмат, координат, шпал т.б сөздер орыс тілінде анкета, газета, контора, минута, пара, секунда, фанера, цифра, координата, шпалы та, цифра, координата, шпалы түріде айтылып, жазылғаны белгілі. Соңғы екпін түспейтін дауыстының біздің тілінде айтылмауы бір буынның кемуіне мүмкіндік береді.
Керісінше, кірме сөздердің буын санының артып кетуі де тілімізде кездесетін құбылыс.
Дыбыстық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Мұның бәрі де айтуды жеңілдетуден туады.
Мысалы осы өлеңдегі ылақтырып сөзі айтылуы қалай болса солай жазылған ,бұндай құбылыс протеза деп аталады
Күрс етті кеп тау шыңын
Жібергендей ылақтырып.
Құйды бір кез жаңбырын,
Ашуы оның шарт сынып.
Достарыңызбен бөлісу: |