9-апта. Журналистік шығармалар мазмұны мен формалары



Дата02.02.2024
өлшемі4.6 Mb.
#490575
түріКодекс
2-дәріс ЖҚН


Лектор:
Дәурен Аян Дәуренұлы
«Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы
«Журналистиканың құқықтық негіздері» пәні
Дәріс 2
Журналистің этикалық кодекстері
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1.Құкықтык актілердегі этикалык нормалар мен ережелер
2.Шетел журналистикасының этикалық кодекстері
3.«Журналистің кәсіптік этикасы Кодексінің» міндеттері
4.Бүгінгі отандық журналистика этикалык кодексінің жай-күйі

Журналистік этика - журналистің өз әлеуметтік рөлін атқару кезіндегі іс-әрекетінің моральдық аспектісін белгілейтін ережелер жиынтығы. Кодекс - қоғамдық қатынастардың бір саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін бірегей заңнамалық акт.


В.М. Теплюк
Қазіргі журналистика тәжірибесін терең зерттеген Мэрил мен Дэннис екі түрлі байламға келді. Бірі «журналист пен этика - сәйкессіз ұғымдар» десе, екіншісі «Америка журналисі этиканы сақтайды», - деп атап өтті. Осы ретте көптеген редакциялар тілшіні қызметке қабылдау кезінде қол қойылатын келісім-шартқа «этика кодексін ұстану» деген тармақша енгізеді.
Құкықтық актілердегі этикалық нормалар мен ережелер
Этикалық саясат - кодекстер мен нормалар және редакцияның тәжірибелік негізде түйіндеген мәселелері. Және түрлі журналистік ұйымдар қабылдайтын кодекстер мен нормалардың заңдық күші жоқ және олар «идеалдар мен мақсаттар ишараты» болады.
Шетел журналистикасының этикалық кодекстері
1. Адамның жеке өміріне, әсіресе, халық арасында жаманды-жақсылы аты шыққан адамдардың өміріне араласу, қоғам мүддесіне негізделу керек;
2. Қажет жағдайда газет бетінде жауап жариялауға мүмкіндік беріледі;
3. Қателіктер тез түзетіліп, түзетулер көрінетін жерде жарияланады;
4. Жария ету үшін ақпарат тек қана шыншыл және ашық жолмен алынады, бұл талап қоғам мүддесі үшін зор маңызы бар материалдарға қойылмайды;
5. Газеттер, егер де мұның әңгімеге қатысы болмаса, адамның нәсілі, терінің түсі және діни көзқарасына сілтеме жасамайды.
Шетелдегі «Баспасөз туралы» Заңдарындағы ерекшеліктер
Ұлыбритания
АҚШ
1-шарт. «Сыбыстарды пайдаланба!»
2-шарт. «Арандатпа!»
3-шарт. «Эфирде сандырақтама!»
4-шарт. Радиоқабылдағыштар мен студиялар орналасқан мемлекеттердің өкіметін сынамауға тырыс
АҚШ-тағы журналистерге, оның ішінде радиода істейтін қызметкерлерге қойылатын этикалық талаптарды «Азаттық» радиостанциясының комментаторы Вадим Белоцерковскийдің «Журналист» журналына берген сұхбатында негізгі төрт шартқа атап көрсетті:
«Журналистің кәсіптік этикасы Кодексінің» міндеттері
  • Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі;
  • Адамдардың шынайы ақпарат алуға деген құқығы;
  • Журналистің объективті шындыққа адал болуы, ар-ұяттылық;
  • Журналистің кәсіби шынайылығы;
  • Адамның жеке басының өмірі мен қадір-қасиетін құрметтеу;
  • Жалпыадамзаттық қоғамдық құндылықтарды қадірлеу;
  • Ақпарат аймағындағы жаңа халықаралық тәртіпке ықпалдасу.

Бүгінгі отандық журналистика этикалық кодексінің жай-күйі

Бүгінгі отандық журналистика этикалық кодексінің жай-күйі

Журналистің қоғамдық маңыздылығы бар ақпаратты жасырып қалуға, деректерді өзгертуге, оларды жалған баяндауға құқығы жоқ. Яғни, біздің Кодекс журналистерді қоғамның санасына кері әсер ететін жайттарды жария етпей, сонымен қатар, журналистерге барынша шынайы болуды, деректерді тұмшаламай жеткізуді талап етеді


Пайдаланатын әдебиеттер:

Базалық әдебиеттер:
  • Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» // www.akorda.kz
  • Бақ заңнамасы және этика: оқу құралы / О. Ж. Ошанова,; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық ун-ті - Алматы : Қазақ университеті, 2016 . - 153 б.
  • Велитченко С.Н. Правовые основы журналистики. – Алматы, Қазақ университеті, 2015.
  • Концепция правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года.
  • Рихтер А.Г. Правовые основы журналистики.

Пайдаланатын әдебиеттер:

Қосымша әдебиеттер:
  • Жейсон Бейнбридж, Никола Гок, Лиз Тайнан. Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас.: Oxford, 2015
  • http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=128778&lang=kk
  • http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=429344&lang=kk
  • http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1517345&lang=kk
  • Елікпаев, С. Т. "Ақиқат" журналы: қоғам өзгерістері мен тақырыптары / С. Т. Елікпаев, М. Баймұхамбетова // Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының "XVII Сәтбаев оқулары" атты Халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. - 2017. - 15 том . - 159-163 б.
  • Закон РК «О средствах массовой информации»Б
  • олатова, Г. Ж. Әскери журналистиканың майталманы / Г. Ж. Болатова // Түркістан. - 2021. - 2 шілде.
  • Закон РК «Об издательской деятельности»
  • http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=413199&lang=kk
  • Ли Энн Пек, Гай С.Рил. Медиа этика. Жас мамандардың тәжірибесінен. – Алматы, Ұлттық аударма бюросы. – 2018 ж. – 304 б.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет