Әр түрлi металдардың тотығу белдемiндегi әрекетi төмендегідей негiзгi заңдылықтарға бағынады. - Әр түрлi металдардың тотығу белдемiндегi әрекетi төмендегідей негiзгi заңдылықтарға бағынады.
- Темiр. Тотығу белдемi темiр гидроксидтерiне қарқынды байитындықтан, оны көбiнесе “темiр телпек” деп атайды.
- Мыс. Мыс сульфидтерi тотыққан кезде оңай еритiн сульфат пайда болып, ол тотығу белдемiнен шығарылады. Мыс қайта баю белдемiнде бөлiнетiндiктен, тотығу белдемiнде оның мөлшерi күрт азаяды.
- Қорғасын. Галениттiң тотығуы қиын еритiн сульфат – англезит жаралуына әкеледi, ол тотығу белдемiнде жиналады, ал ары қарай қиын еритiн карбонатқа (церусситке) өтедi. Кейде тотығу белдемiнде бастапқы галенит те сақталады.
- Мырыш. Сфалерит тотыққан кезде оңай еритiн сульфат пайда болып, ол кенорыннан тыс алқапқа шашырап кетедi. Мырыш тек қана карбонат (смитсонит) немесе силикат (каламин) дамыған жағдайда шоғырланады.
- Полиметалл руда денелерi морыған кезде тотығу белдемiнде мырышқа жұтаңданып, қорғасынға байиды.
- Алтын. Тотығу белдемiнде бiршама алыс қашықтықтарға жүзгiн немесе ерiген күйде жылыстайды. Ол керiштену белдемiнiң жоғарғы белдемiнде шөгедi.
- Күмiс. Тотығу белдемiндегi күмiстiң әрекетi оның бастапқы руда құрамындағы формасына байланысты болады. Сомтума күмiс көбiнесе тотығу белдемiнде тұрақтап, ал сульфиттер құрамындағы күмiс ерiтiндiнiң құрамына өтедi. Егер күмiс ары қарай галогендер құрамына кiрсе, ол тотығу белдемiнде жиналады, ал басқа жағдайларда ол керiштену белдемiнде шоғырланады.
Достарыңызбен бөлісу: |