Қалдық кенорындардың өнеркәсiптiк мәнi негiзiнен осы типтi кенорындардан өндiрiлетiн каолин үшiн айрықша үлкен; темiр мен марганец рудаларының, боксит, тальк пен фосфориттiң қалдық кенорындары шамалы роль атқарады. - Қалдық кенорындардың өнеркәсiптiк мәнi негiзiнен осы типтi кенорындардан өндiрiлетiн каолин үшiн айрықша үлкен; темiр мен марганец рудаларының, боксит, тальк пен фосфориттiң қалдық кенорындары шамалы роль атқарады.
- Каолин кенорындары кез-келген далашпатты таужыныстың, бiрақ көбiнесе қышқылды және сiлтiлілердiң мору қыртысында қалыптасады. Алаңдық типтi жатындар кқалыңдығы 10 м шамасындағы (кейде одан асатын) бұрыс пiшiндi жамылғылардан тұрады. Минералдық құрамы: каолин, галлуазит, монтмориллонит, халцедон, сондай-ақ жұрнақ (кварц, мусковит, рутил) және туынды (кальцит, доломит, гипс) минералдар.
- Каолин кенорындары Украинада (Глуховецк), Оралда, Алтайда, Батыс Сiбiрде таралған, iрi кенорындар Германияда, Чехияда, Ұлыбританияда, Францияда, АҚШ-та белгiлi.
Достарыңызбен бөлісу: |