Сабақтың ортасы
Мағынаны қолдану
|
Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.
Тапсырма
1. Суретте көрсетілгендей оқушы динамометрдің көмегімен қол бұлшықеттерінің күшке төзімділігін зерттейді. Оның қанша уақыт қысып және босата алатындығын білу үшін уақытпен өлшейді. Оқушының бұлшықеттерінде қажуды тудыратын белгілі бір зат түзіледі. Бұлшықеттердің күшке төзімділігін тежейтін затты анықтаңыз.
A. Глюкоза
B. Сүт қышқылы
C. Оттегі
D. Су
|
Бағалау критерийі:
-Бұлшықеттің қажу себебін анықтайды;
(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)
|
Дескриптор:
- бұлшықеттің қажу себебін анықтайды – 1 балл;
|
Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері
|