- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес (268 – бап) міндеттеме деп бір адам ( борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасау, не болмаса белілі бір әрекет жасаудан тартыну міндеттілігін айтамыз.
- Міндеттемелер төменде берілген азаматтық құқықтар мен міндеттерден, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден туындайды.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер: - 1. Заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден;
- 2. Заңдарға сәйкес азаматтық- құқықтық жағдайларды туғызатын әкімшілік құжаттардан;
- 3. Азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен;
- 4. Заң құжаттарында тыйым салынбаған негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдеу нәтижесінде;
- 5. Өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер,ғылым , әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелерін жасау нәтижесінде;
6. Басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (нгізсіз баю) салдарынан; - 6. Басқа жаққа зиян келтіру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау (нгізсіз баю) салдарынан;
- 7. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері салдарынан;
- 8.Заңдар азаматтық- құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
-
Міндетемені орындау келісідей әдістер арқылы қамтамасыз етіледі: - Айып төлету.
- Кепіл.
- Борышқордың мүлкін алып қалу.
- Кепілдік.
- Кепілпұл.
- Кепілдік жарна.
- Заңмен немесе келісімшартпен қарастырылған басқа да әдістер.
Міндеттеме мынадай жағдайларда толық немесе ішінара тоқтатылады: - Міндеттеме тиісті дәрежеде орындалса;
- Талаптан бас тарту төлемі төленсе;
- Борышты есепке жатқызылса, жаңғыртылса;
- Борышты кешіру арқылы борышқор мен несие беруші бір тұлға болса;
- Орындауға мүмкіндік болмаса;
- Мемлекеттік органның құжаты шығарылса;
- Азамат қайтыс болса;
- Заңды тұлға таратылса.
-
Достарыңызбен бөлісу: |