Мемлекеттік органдар мен ондағы лауазымды тұлғалары мынадай жағдайдарда ҚР заңдарымен белгіленген жауапкершілікте болады: - 1. жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты таратқаны үшін ( жеке кәсіпкерлік субектісінің келісімінсіз ақпаратты тарату нәтижесінде келтірілген зиянның орны толтырылуы тиіс);
- 2. жеке кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі жасайтын кез келген іс-әрекеті ( әрекетсіздігі) үшін;
- 3. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізудің белгіленген тәртібін бұзған жағдайда ( тексеруді негізсіз тағайындау, акті шығармай және он құқықтық статистика органында тіркемей тексеру жүргізу, құжаттарды заңсыз алып қою, материялдыққұндылықтарды заңсыз түгендеу, өндірісті тоқтата тұру, артық анықтамалар толтыру,негізсіз сұрау салуларды талап ету және өзге де жағдайларда).
Жеке кәсіпкерлік субъектілері келесілер үшін жауапкершілікте болады: - 1. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін;
- 2. Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке, демпингке қарсы шаралар туралы заңнамасын бұзғаны үшін;
- 3. Қазақстан Республикасының тауарлар импарты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін.
- Казіргі кезде кәсіпкерлік сферасындағы заңдық жауапкершілік түрлерінің қатарына әкімшілік жауапкершілікті жатқызуға болады. Әкімшілік құқық- бұзушылық ( азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке қол сұғуды көздейтін заңға қайшы әрекеттер) жасалған кезде, әкмшілік жауапкершілік туындайды. Әкімшілік жауапкершіліктің іс-шаралары заң бұзушыға моральдық және материалдық ықпал етуді қамтиды
Достарыңызбен бөлісу: |