7
1 Қаңқа, оның бөлімдерге бөлінуі, анатомиялық терминдер
Сабақтың мақсаты:
1. Ағза үшін қаңқаның маңызын және оның бөлімдерге бөлінуін оқып-зерттеу.
2. Дененің жазықтығы мен бағытын оқып-зерттеу.
3 Негізгі анатомиялық терминдерді игеру.
Қаңқа (грек тілінен алынған сөз «skeletos» кеуіп, қатып
деген мағынаны
білдіреді). Белгілі бір заңдылықпен байланысқан қатты заттар - сүйек,
шеміршек және сонымен қатар сіңірді айтады.
Денеде ол қатты зат болып, дене бітіміне белгілі бір пішін береді.
Сүтқоректілер үшін, ол олардың барлық жұмсақ заттарын таситын сауыт болып
келеді.
Сонымен қатар, қаңқа ағзаның тіршілігі үшін ми
және жұлын, кейбір
сезім мүшелері, жүрек, өкпе мен сүйек майы үшін
қорғайтын қатты қабырғалар
түзеді.
Қаңқа мен бұлшық ет сүтқоректілердің дене бітімін қалыптастырады.
Қаңқа мен бұлшық еттер арқылы сүтқоректілер кеңістікте қозғалады.Қаңқа
минералды зат алмасуда өте негізгі орын алады.
Қаңқа өзінің беріктілігімен және жеңілдігімен ерекшеленеді. Қаңқаның
салмағы салыстырмалы алғанда ауыр емес, мысалы: тірі салмағынан алғанда ірі
қара малда 10%-ға дейін, жылқыларда 13%-ға дейін қаңқаның үлесіне тиеді..
Ауыл шаруашылық үй жануарларының денесінде сүйектер саны
келесідей: жылқыларды – 200-206, ірі қара малда – 200-205, қойларда – 186-207,
шошқаларда – 272-275, ал адамда 212 сүйек
санауға болады, оған 32 тісті
қосуға болады. Қаңқа сүйектері пішіні бойынша келесі үш типке бөлінеді:
жазық немесе пластиналық сүйектер, ұзын, қуысты сүйектер
және қысқа
сүйектер болып бөлінеді. Жазық немесе пластиналы сүйектерден денеде бас
сүйегі,
кеуде қуысы, жамбас сүйегі мен жауырын құрылады. Ұзын, қуыс
сүйектер малдың алдыңғы аяқ пен артқы аяқтарында: ортан жіліктік, үлкен
ортан жілік, тоқпақ жілік пен тағы басқа сүйектерде орналасқан.
Қысқа
сүйектер, олардың биіктігі енінен де аспайды, оларға: бақай сүйектері мен тізе,
тілерсек, тиек сүйектері жатады.
Сүтқоректілердің қаңқасы біліктік және шеткі болып екіге бөлінеді.
Біліктік қаңқа осындай бөлімдермен ерекшеленеді: бас сүйек, мойын, көкірек,
бел, құйымшақ және құйрық.
Шеткі қаңқа алдыңғы және артқы аяқ сүйектерінен құралған.
8
Жануардың денесі симметриялы. Ол оң және сол жақ бөліміне бөлінеді.
Симметрия – жануардың дене пішінің оқып-зерттеуге жеңілдетеді және үш
жазықтық өткізуге мүмкіндік береді.(сурет 1)
1.
Жазықтық, жануардың денесінен тік жоғарыдан
төменге қарай өткізілген
және денені екі тең бөлікке бөлгенді – орталық немесе сагиттальды деп атайды.
2 Жазықтық, көлденең төмен өткізілген, жануардың денесін жоғары және төмен
бөлікке бөлгенді - сегментальды деп атайды. .
3. Жазықтық, жануардың денесінен көлбеу өткізілген жазықтық,
яғни бірінші
екі жазықтыққа перпендикулярлы және маңдайға параллельді болып келетінді –
көлбеу немесе фронтальды деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: