6
Кіріспе
Осы аталған әдістемелік нұсқау жануарлар
морфологиясы остеология,
дерматология, спланхнология, ангиология және миология бөлімдері бойынша
құрастырылған және оның негізгі мақсаты
тәжірибелік білімін бекіту
мақсатында студенттерге көмек көрсету үшін және ветеринариялық пен
санитариялық дәрігерлердің тәжірибелік жұмысы барысында ғылыми негізде
дұрыс бағытта жұмыс істеу үшін көмек ретінде құрастырылған.
Жануарлар морфологиясынтек кітап арқылы игеру мүмкін емес,
сондықтан осы аталған нұсқауда нақты кеңес пен материалдар берілген, яғни:
қаңқалар, бөлек-бөлек сүйектер, басқа жануарлар сүйектерінің түрлік
ерекшеліктері, өлекселерді немесе бөлек-бөлек мүшелерді
бөлу әдістері,
сонымен қатар бұлшық, буын, аяқ буындары,
дене облыстары мен
бөлімшелерінің шекарасын анықтау бойынша қысқаша сипаттамалар
көрсетілген.
Жануарлар морфологиясы құрамында көптеген деректік материалдар бар және
келесі: физиология,
патологиялық анатомия, хирургия, ветеринарлық
санитарлық сараптау және т.б пәндерді меңгеруде негізгі пәндердің бірі болып
табылады, яғни осы пәнді меңгеру ветеринарлық мамандарды дайындауда оқу
жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Жануарлар морфологиясын оқуда тәжірибелік
сабақтар маңызды орын алады,
бұнда студенттер жануарлар мүшелерінің құрлысын, түрін ,орналасу
жағдайымен танысады жалпы анатомиялық шеберлікті меңгереді.Бұл оқу -
әдістемелік құралдың негізгі мақсаты студенттерге
тәжірибелік шеберлікті
қалыптастыруға және ветеринарлық ,санитарлық дәрігерлерді дайындауда
тәжірибелік жұмыстың ғылыми негізде дұрыс бағыттауға көмектеседі.Әр
бөлім бойынша арнайы тақырыптар бар. Белгілі бір мүшелерді сипаттағанда
қазақ тілімен қатар халықаралық номенклатураға
сәйкес латын тілінде де
атаулар кездеседі
Әдістемелік нұсқау қысқа және нақты түрде көрсетілген, сонымен қоса
омыртқа, қаңқа, аяқтың бөлек буындары сурет түрінде
көрсетілген және
сүйектің элементтері орыс және латын тілінде белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: