А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет7/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

2- сурет. Көкірек омыртқасы. А – жылқылардың, Б – ірі қара малдың, В – 
шошқа; Г – ит. 1 – караниальды қабырға ойысы; 2 – каудальды қабырға ойысы; 
3 білікті өсінді; 4 – краниальды буынды өсінді; 5 – каудальды буынды өсінді; 6 
– емізікше өсіндісі; 7 – омыртқаралық тесігі. 
Ерекшеліктері: Ірі қара малда көкірек омыртқасы (денесі) ұзын, өзіндік 
омыртқа аралық шұңқыры бар. Шошқаларда көкірек омыртқасы (денесі) қысқа 
келген, жылқыларда пішіні үшбұрышты, иттерде көкірек омыртқасында 
(денесінде) вентральды жотасы мүлдем жоқ. Қылтықты өсіндісі жуан, бірінші 
омыртқада иілген. 
 
Қабырға - costa. 
Қабырғаның екі ұшын айырады, үстіңгі , оны вертебральды дейді, яғни 
омыртқамен байланысқан, екінші ұшы стернальды, кеудемен қосылған. 
Сиырларда қабырға саны 13 жұп, жылқыларда 17,18,19, шошқаларда 14-17, 
иттерде 13 жұп айырады (сурет 3). Нағыз және жалған қабырға деп ажыратады. 
Нағыз қабырғалар төс сүйектің шеміршегімен жалғасады. Жалған қабырғалар 
төс сүйекке дейін жетпейді, олар алдыңда орналасқан қабырға 
шеміршектерімен қосылады да, соңында ақтық қабырғамен қабырға доғасын 
түзеді - arcus costarum. Сиырларда нағыз қабырғалар – 8, жалған – 5 болып 
келеді. 
Омыртқа соңында қабырғаның басы орналасқан - capitulum costae, бастан 
әрі қарай қабырғаның төмпешегі - tuberculum costae орналасқан. Бастан төмен 


12 
қабырға мойыны -collum costae. Төмпешектің артына қарай қабырғаның 
бұрышы -angulus costae шығып тұр. Қабырғаның денесі – corpuлы сай s costales. 
Қабырғаның алдыңғы шетінде, сыртында - бұлшықты сай sulcus muscularis 
орналасқан. Артқы шеті бойынша, яғни қабырғаның ішкі жағында тамырлы сай 
- sulcus vascularis орналасқан. Бұл тамыр мен жүйке-жүйенің өтуіне қарай 
орналасқан. Қабырға шеміршектері - cartilagines costarum қабырғамен жанасу 
үшін үсті буынды болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет