А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет68/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары:
1 Ит, жылқы, шошқа және күйіс қайыратын малдарда өнеш қалай орналасқан? 
2 Жылғы мен шошқаның топографиясы мен анатомиялық құрылысы 
3 Қарынның қандай бездерін білесін? 
 
 
11.7 Көп бөлімді қарын 
 
Сабақтың мақсаты: Көп бөлімді қарынның құрылысын игеру 
 
Көпбөлімді қарын күйіс қайыратын жануарларғатән. Қарында негізінен төрт 
бөлім болады. Олар: мес қарын, жұмыршақ, қатпаршак, ұлтабар. Алдыңғы үш 
бөлімнің кілегейлі қабықтарында без болмайды Оларды біріктіріп, алдыңғы 
қарындар— деп атайды. Бұл бөлімдерде азық механикалық және биологиялық 
өңдеулерден өтеді. Ферменттердің қатысуымен азықты химиялық қорыту 
ұлтабарда жүреді. 
Мес қарын сақа жануарларда көлемі жағынан бірінші орын алады. Ол құрсақ 
куысының сол жақ жартысын толығымен алып жатады. Мес карын 6-ншы 
қабырғааралық тұстағы диафрагмадан жамбас қуысыныңкіреберісіне дейін 
созылып жатады. Оның қабырғалық беті (facies parietalis) сол жақ құрсақ 


114 
қабырғасымен, ал ішкі висцеральды беті (facies visceralis) ішектермен 
жанасады. Мес қарынның дорсальды иіні (curvature dorsalis) диафрагма мен бел 
бұлшық еттеріне байламдармен байланады, ал вентральды иіні (curvature 
ventralis) құрсақ қуысының вентральды қабырғасымен жанасады. 
Мес қарын— rumen — көлемі жағынан қарынның еңүлкенбөлімі. Оның 
өңеш тесігі ашылатын алдыңғы бөлігін мес қарын кіреберісі(atrium ruminis), 
одан төменірек орналасқан бөлігін кранио-вентральды қалташа(recessus cranio-
ventralis) — деп атайды. Екі бүйіріндегі алдыңғыжәне артқы сыртқы 
сайлар(sulcus ruminis cranialis et caudalis) мен оларға сәйкес: алдыңғыжәне 
артқы ішкі қатпарлар (pila ruminis cranialis et caudalis) мес қарынды 
дорсальдыжәне вентральды қапшықтарға(saccus ruminis dorsalis et ventralis) 
бөледі. 
Мес қарынның гистологиялық құрылысы. Мес қарын түтікше мүше
ретіндеоның қабырғасында: кілегейлі, етті және сірлі қабықтар ажыратылады. 
Мес қарынның ішкі кілегейлі қабығы үш: эпителий, өзіндік тақташа және 
кілегейлі асты негіз қабаттарынан тұрады. Кілегейлі қабықтың етті қабаты 
толық жетілмеген, ол тек жекеленген салалы ет миоциттерінен құралған. 
Кілегейлі қабықтың ішкі беті көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. 
Оның ішкі бетіңде ұзындығы 10 мм мес қарын бүрлері (раріllа ruminis) болады. 
Мес қарынның ортаңғы етті қабығынішкі сақинаша және сыртқы ұзынша 
бірыңғай салалы ет ұлпасының қабаттары құрайды. Мес қарынның сыртқы 
қабығы — сірлі қабық. 
Күйіс қайтаратынжануарлардамес қарын құрсақ қуысының сол жағын 
толық алып жатып, көптеген ішкі мүшелерді құрсақ қуысының оң жағына 
ығыстырып орналасады. Мес қарынның екі бүйіріндегі ұзын сайларынан үлкен 
шарбы басталады. Мес қарынның вентральды қапшығы шарбы қабында 
орналасады. Қой, ешкі мес қарнының вентральды қапшығы дорсальды 
қапшығына қарағанда ұзындау келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет